- 15 сәу. 2015 00:00
- 247
Ұждандыны мақтайды тамам адам...
Ұждандыны мақтайды тамам адам,
Мейлi ғалым болса да, мейлi надан.
Ар, нысаппен iс қылып, азап тартып,
Ақ жолында өледi бiрталай жан.
Разы қылам дейтұғын құдайы жоқ –
«Өлген соң тiрiлмеймiн» деп ойлаған.
Осыны терең оймен тексерелiк,
Сорлыны ар, нысабы неге айдаған?
«Өлген соң жұрт мақтасын,– дей ме,– менi»,
Олай болса, iс бар ма мұнан жаман?
«Ел түзеуге құрбанмын» деп-ақ айтар,
Өзi қандай пайда алар онысынан.
Адал жолда өлгеннiң арманы жоқ,
Дегенi болмай ма екен құры мақтан.
Ар, нысаптың құмары осы десе,
«Құмарың не?» деп сұра зұлымдықтан.
Артында азап та жоқ, рахат та жоқ,
Емес пе ерегескен екi дұспан.
Сен ананы сүйесiң, ол мынаны,
Мұнан ақыл жирендi не қылмыстан?
Ар, нысаптың осыдан үмiтi не,
Ел түзелсе, өлген соң не пайда оған?
Не дiн емес, не тыныш өмiр емес,
Артқы үшiн арпалысты неге осыған?
«Ел жөндеп, тарихта аты қалар» дейдi,
Ақылым тоя алмайды менiң бұған.
Жоқ, шырағым, жанымыз жоғалмайды,
Екi өмiрдiң азығы – осы ұждан.
Әйтпесе оған бұл өмiр төлеу емес,
Төлеуi – түпсiз рахат, тозбас заман.
Ар, нысаптың пайдасын жан сезедi,
Өлген соң бәйге аларын бiлiп тұр жан.
Ақ жүрек, адал ниеттi бола алмайды,
Ұжданның бұл сырына шын нанбаған.
Шын нану – ақылымен қабылдауы,
Қалады зұлымдықтан сөйткенде аман.
Әйтпесе өлген соң да мақтанбақшы,
Жорымасқа жолым жоқ солай таман.
Ақ, арам, ұждан, зұлым деп не керек,
Сый алмай, не қиналмай жоғалса жан
Шолақ ойлы, дәлелсiз шолтаңдаған
«Фанатик дiншiлсiң ғой» дер-ақ маған.
Тамам дерттен сау ақыл – менiң сыншым,
Мың айтып ұқтыра алман деймiн саған.
Мейлi ғалым болса да, мейлi надан.
Ар, нысаппен iс қылып, азап тартып,
Ақ жолында өледi бiрталай жан.
Разы қылам дейтұғын құдайы жоқ –
«Өлген соң тiрiлмеймiн» деп ойлаған.
Осыны терең оймен тексерелiк,
Сорлыны ар, нысабы неге айдаған?
«Өлген соң жұрт мақтасын,– дей ме,– менi»,
Олай болса, iс бар ма мұнан жаман?
«Ел түзеуге құрбанмын» деп-ақ айтар,
Өзi қандай пайда алар онысынан.
Адал жолда өлгеннiң арманы жоқ,
Дегенi болмай ма екен құры мақтан.
Ар, нысаптың құмары осы десе,
«Құмарың не?» деп сұра зұлымдықтан.
Артында азап та жоқ, рахат та жоқ,
Емес пе ерегескен екi дұспан.
Сен ананы сүйесiң, ол мынаны,
Мұнан ақыл жирендi не қылмыстан?
Ар, нысаптың осыдан үмiтi не,
Ел түзелсе, өлген соң не пайда оған?
Не дiн емес, не тыныш өмiр емес,
Артқы үшiн арпалысты неге осыған?
«Ел жөндеп, тарихта аты қалар» дейдi,
Ақылым тоя алмайды менiң бұған.
Жоқ, шырағым, жанымыз жоғалмайды,
Екi өмiрдiң азығы – осы ұждан.
Әйтпесе оған бұл өмiр төлеу емес,
Төлеуi – түпсiз рахат, тозбас заман.
Ар, нысаптың пайдасын жан сезедi,
Өлген соң бәйге аларын бiлiп тұр жан.
Ақ жүрек, адал ниеттi бола алмайды,
Ұжданның бұл сырына шын нанбаған.
Шын нану – ақылымен қабылдауы,
Қалады зұлымдықтан сөйткенде аман.
Әйтпесе өлген соң да мақтанбақшы,
Жорымасқа жолым жоқ солай таман.
Ақ, арам, ұждан, зұлым деп не керек,
Сый алмай, не қиналмай жоғалса жан
Шолақ ойлы, дәлелсiз шолтаңдаған
«Фанатик дiншiлсiң ғой» дер-ақ маған.
Тамам дерттен сау ақыл – менiң сыншым,
Мың айтып ұқтыра алман деймiн саған.