Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Ұлттық банк алтын сатуды уақытша тоқтатты — бағасы қымбаттап кеткен

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, алтын бағасының айтарлықтай өсуі осы шешімге негіз болған. Қазіргі нарықтағы тұрақсыздық салдарынан құн күрт құбылуы мүмкін. Сол себепті банк алтын-валюта қорындағы бағалы металлды шетелге сатуды уақытша тоқтатты.

«Баға тұрақталған кезде алтынды қайта сата бастаймыз», – деді Сүлейменов. Оның айтуынша, банк әзірге отандық өндірушілерден алтын сатып алуды жалғастыруда.

Жыл басынан бері 8 тонна алтын сатылған. Оның құны 20 пайызға өскен.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама