- 05 нау. 2024 02:17
- 184
Ұшады-ұшпайды...
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы "Ақбота" балабақшасының тәрбиешісі
Борашева Гулжан Догдырбаевна
Білім беру саласы: «Қатынас»
Оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Ұшады - ұшпайды...
Мақсаты: заттардың қасиеттеріне қарай талдауға, олардың атын атай білуге үйрету. Құстардың түрлерімен танысу, үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге, құстарды қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Табиғатта ненің ұшпайтыны, ненің ұшатыны туралы түсіндіру арқылы зейіндері мен ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: үй құстарының суреттері, дорбаға салынған ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: қаз, үйрек.
Әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, ойын - жаттығулар.
Тәрбиеші: Балаларды шеңберге тұрғызып;
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз,
Жоғары – төмен қараймыз,
Топылдатып басамыз - дей отырып, қимыл - қозғалыстар жасату.
Балалар: Шаттана, қуана қимыл - қозғалыспен шаттық шеңберін құрады.
Тәрбиеші: Үй құстарының суретін көрсетіп, олардың аттарын атайды, қайталатқызады.
Балалар: суретке қызыға қарап, тәрбиешіні тыңдап, қайталайды.
Тәрбиеші: Бұлар үй құстары. Себебі оларды адамдар күтеді, бағады, жем шашады, арнайы үйшіктері болады. Олардың жұмыртқасын, етін, жүнін пайдаланады. Құстарды аялаймыз, оларға тас лақтырмаймыз, ауламызда жүрсе үркітпей жем береміз.
- Әтеш қандай?
- Қаздың түсі қандай?
- Тауықтың түсі қандай?
Балалар; сұрақтарға жарыса жауап береді.
Тәрбиеші: балалар кәне кімнің үйінде тауық бар олардың кіп-кішкентай балапандары бар шығар.
Балалар: -
Тәрбиеші: Қаз туралы өлең оқиды.
- Қазым, қазым қаңқылда,
Суда жүзіп салқында!
Жем шашайын жейсің бе?
Кәмпит берші дейсің бе?
- Жоқ, жоқ!
Кәмпит тәтті болмайды, ас
Арпа менен бидай шаш!
Балалар: қызығып тыңдайды.
«Ұшады - ұшпайды» дидактикалық ойыны. Шарты; тәрбиеші дорбаға салынған ойыншықтарды үстел үстіне шашып қояды. Ішінен біреуін алып;
- Ұшады - ұшпайды?- дейді.
Балалар:- қуыршақ ұшпайды,- деп қолдарын көтермейді.
- торғай ұшады,- деп қолдарын көтереді.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды жаямыз.
Құстарға ұқсап,
Ұшып - ұшып аламыз.
Балалар: қимыл - қозғалыстар жасайды.
Тәрбиеші: қаз, үйрек сөздерін айтқыздырып үйретеді.
1.«Топтастыр» дидактикалық ойыны.
Балалар: ойыншықтарды бір бөлек топтастырады.
2.«Не ұшпайды» тапсырмасын орындау. Суреттен ұшатын, ұшпайтыны қайсысы екенін ажыратып, аттарын атау.
Балалар: үй ұшпайды, қаз ұшады, автобус ұшпайды.
Тәрбиеші: Сұрақ - жауап арқылы оқу іс - әрекетінде алған білімдерін бекітеді.
Балалар: сұрақтарға жауап беруге, тілдерін дамытуға талпынады.
Біледі: табиғатта ұшатын, ұшпайтынын.
Игереді: ұшатын - ұшпайтын заттарды топтастыруды.
Меңгереді: үй құстарының аттарын.