dalanews.kz
- 11 мам. 2026 13:00
- 30
Ұшақ ішінде жаппай төбелес болды: видео желіде қызу талқыланып жатыр
Әлеуметтік желіде ұшақ салонында болған төбелестің видеосы көпшіліктің назарын аударды. Оқиға Нигериядағы Асаба әуежайында United Nigeria Airlines әуе компаниясының UN0523 рейсінде орын алды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұшақ ішіндегі жанжал
Видеода екі жолаушының ұшақ салонының ортасында жанжалдасып, арты жұдырықтасуға ұласқаны көрінеді. Желі қолданушылары олардың жергілікті танымал инфлюенсер Matins Otse (Very Dark Man – VDM) және әзілкеш Freedom Atsepoyi екенін айтуда.
Экипаждың араласуы
Оқиға кезінде экипаж мүшелері дереу араласып, екі жолаушыны да ұшақтан шығарып жіберді. Кейін олар әуежайдың қауіпсіздік қызметіне тапсырылды. Бұл жағдайдан кейін рейс кешікпей, белгіленген бағыт бойынша ұшуын жалғастырды.