Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
«Ұялам, но үй алам» 2024 жылдың алғашқы комедиясы

«Ұялам, но үй алам» 2024 жылдың алғашқы комедиясы

 

2023 жылы «Маған назар аудар» кинокартинасы 1 миллиардқа жуық қаражат жинап үздіктер қатарына қосылған. Nazar Audar Production биыл тағы бір үздік комедияның тұсауын кесті. Ол «Ұялам, но үй алам» комедиясы.

 

«Ұялам, но үй алам» комедиясы астарлы ой мен жас отбасылардың басынан кешетін ащы шындықты көрсетеді. Бұл туралы фильмнің кинопродюсері, сценарисі және басты рөлді сомдайтын Ақболат Өтебай былай деді: «Туындының  көрерменге айтары көп. Әзіл арқылы астарлап жеткізетін ойлар көп болады. Біз тіпті сценарий жазу барысында өз өмірімізден алынған сәттерді де қостық. Сондықтан қазақ отбасындағы әрбір жұп келіп көруі тиіс деп ойлаймыз»

 

Ең қызығы фильмде «Маған назар аудар» актерлері қайталанғанымен екеуі бір-біріне  ұқсамайтын туынды. Айта кетейік, басты рөлдер құрамы: Ақболат Өтебай, Мадина Оспан, Аяна Бауыржанова және Ғазиз Ерболаттан бөлек жаңа актрисамен толықты. Ол танымал блогер, коуч, кәсіпкер Роза Аширбаева. Бұл фильм Роза үшін дебют және ол өз оқырмандарымен фильмнің қыр-сыры туралы бөліскен еді.

 

 «Бұл киноәлеміндегі  менің алғашқы жұмысым болғандықтан қобалжулар, көп шаршау болды. Дегенмен мен қоғамдағы антиқаһарман адамдардың болатынын және олардың құртиқы іс-әрекеттерін жеткізе білдім деп ойлаймын. Маған фильмнің идеясы және айтар ойы қатты ұнады. Қарым-қатынас туралы жиі айтып жүрген коуч ретінде бұл фильмді әрбір жұптарға көруге кеңес берер едім. Тіпті сіз әлі отбасы құрмаған жас болсаңызда сізге бұл туындының өтері сөзсіз», - деді блогер Роза Аширбаева.

 

XXI ғасырда жас отбасының үйленіп, дегенмен тезірек үй болып кетуі күрделі кезең. Өздері жас болса да бала-шағасымен әрбір үйді күнелтіп жүрген қаншама отбасы бар. Тіпті осы мәселелерге шыдамай ажырасып кеткен отбасыларды да кездестіруге болады. Үкіметтің үйіне жете алмай, түрлі қайырымдылық ұйымдар арқылы үйлі болып жатқан отбасылар да бар. Сол сияқты үйлі боламын деп түрлі жолдары қарастырып, елден ұялып жүріп бірақ үй алғысы келетін Айжанның оқиғасы әрбір көрерменді ойланырары сөзсіз…

 

«Ұялам, но үй алам» кино комедиясы 25 қаңтардан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіледі.

 

 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама