- 08 қаз. 2020 00:00
- 199
«Үздік Online Mektep 2020» республикалық байқауы басталды!
Назар аударыңыз! 2020 жылдың 2 қазанынан бастап 5 қараша аралығында «Үздік Online Mektep 2020» республикалық байқауы өтеді. Бұл Қазақстанның барлық OnlineMektep платформасына қосылған кез келген мектебіне 15 BilimBook Интерактивті панелдерін ұтып алу үшін ерекше мүмкіндік. Байқауға мектеп атынан мектепті басқару бөліміне кіру мүмкіндігі бар 1 өкіл қатыса алады.
Байқау мақсаты: OnlineMektep.org порталында қашықтан оқытудың деңгейі мен сапасын арттыру.
Байқауға қатысудың шарттары:
1. OnlineMektep.org платформасында келесі мәліметтер толық толтырылған болуы қажет:
● мектептің толық сабақ кестесі (бекітілген пән мұғалімдерімен бірге);
● сабақ пен үй тапсырмасына баға қойылған журнал;
● оқушылар мен ұстаздардың ағымдағы (аккаунттар) тізімі.
2. Facebook әлеуметтік желісіне байқауға қатысу туралы постты мектеп әкімшілігі немесе мұғалімдер жариялау керек. Пост келесі мәліметтерден тұру қажет:
2.1 Кем дегенде екі скриншот жасалу қажет: толық толтырылған сабақ кестесі (пән мұғалімдерімен бірге), кез келген сыныптың сабақ пен үй тапсырмасына баға қойылған журналы (оқушының аты-жөнін көрсетудің қажеті жоқ);
2.2 Посттың сипаттамасында қатысушының мектебінде қашықтан оқытудың қалай жүріп жатқаны жайлы қысқаша жазып, #OnlineMektep2020 хэштегін жазып, @BILIM Land парақшасын белгілеуі қажет;
2.3 Қатысушы байқау кезінде Facebook-тегі парақшасы ашық болуы керек;
2.4 Facebook-тегі @BILIM Land парақшасына жазылу қажет.
3. Қатысушы @BILIM Land парақшасында көрсетілген Google формасын міндетті түрде толтырып, байқауға тіркелу қажет.
Жеңімпаздарды анықтау:
Жеңімпаздар ҚР әр облыс бойынша кездейсоқ сандар генераторы көмегімен анықталады.
Қазақстан Республикасының әр облысынан OnlineMektep.org платформасына қосылған 1 мектеп байқау жеңімпазы болады.
* Жеңімпаздарды анықтағаннан кейін барлық шарттардың орындалуы тексеріледі, егер байқау шарттары орындалмаған немесе толық орындалмаған жағдайда, біз жүлдені табыстамауға және/немесе қайта ойнатуға құқығымыз бар.
** Қатысушылар саны 1000 мектептен аз болса, байқау мерзімі ұзартылады.
*** Интерактивті панель тек заңды тұлғаға, яғни мектептің атына беріледі.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!