Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем
Сабақтың тақырыбы: Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 2. 1. 3. 1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу.
2. 2. 4. 1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.
2. 3. 7. 1 - сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою.
2. 4. 2. 6 - сөйлемдегі бір - бірімен байланысып тұрған сөздерді табу.

Басталуы
5 минут Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Ал кәнекей бәріміз!
Амандасып алайық!
Қайырлы күн!
Добрый день!
Good day!
Топқа бөлу: (сөйлемдер арқылы 3топқа бөліну)
1 - топ: Хабарлы сөйлем
2 - топ: Сұраулы сөйлем
3 - топ: Лепті сөйлем

Жаңа білім
Ой қозғау: Жұмбақ жасыру.
Өзім сөзден тұрамын
Тиянақты ойды құрамын
- Жұмбақтың шешуі не? Сөйлем.
- Ендеше біздің тақырыбымыз неге байланысты болады?
- Сөйлем тақырыбына байланысты.
Оқушылар 1 - 2 сыныптардан сөйлем тақырыбымен таныссыңдар
- Ендеше сөйлем туралы не білеміз?
Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (Сөйлем)
Ойын: «Мен бастаймын, сен аяқта»
1. Сөйлем аяқталған....(ойды білдіреді)
2. Сөйлем сөзден.... (құралады)
3. Сөйлемнің бірінші сөзі.... (бас әріптен басталып жазылады)
4. Сөйлемніңсоңына.... (не нүкте, не сұрау белгісі, не леп белгісі қойылады)
5. Сөйлемдегісөздер.... (бөлек жазылады)

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Караева Камажай Жолбаяновна
Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама