Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Тоқаев: АЭС-ке атау беру үшін жалпыұлттық конкурс өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі алғашқы атом электр станциясына атау таңдау бойынша байқау жариялауды ұсынды.
– Бұл – еліміздегі тұңғыш станса. Сондықтан оның атауын халықпен бірге анықтау маңызды. Үздік ұсыныс иелері тарихта қалады, – деді ол.

Энергетика министрлігінің дерегінше, Қазақстанда екінші және үшінші АЭС-ті қытайлық CNNC компаниясы салуы мүмкін. Сарапшылардың пайымынша, бұл нысандардың құрылысы Ресейдің "Росатом" жобасына қарағанда арзанға түсуі ықтимал.

Министр Сәтқалиевтің айтуынша, "Росатом" станциясын жүзеге асыруға шамамен 14-15 млрд доллар жұмсалады. Ал қытайлық нұсқа арзанырақ болуы мүмкін, бұл бюджетке де, тарифтерге де әсер етеді.

Мемлекет басшысы байқауға барлық қазақстандықтарды қатысуға шақырды. Байқау жеңімпазының ұсынысы ел тарихындағы алғашқы атом электр станциясының ресми атауы болып бекітіледі.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама