
- 11 там. 2025 22:19
- 20
Доллар бағамы 573 теңгеге дейін өсуі мүмкін
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы шетел валютасының болжамды бағамын қайта қарады. Бұған дейін 548,5 теңге деп күтілген доллар қазір 573 теңгеге дейін қымбаттауы ықтимал. Ал бір айлық болжам 523,4 теңгеден 541,7 теңгеге өсті.
Мамандырдың айтуынша, бұған валюта нарығындағы тұрақсыздық, сауда балансының профицитінің азаюы, доллар сұранысының артуы және шикізат бағасының құбылуы себеп.
Инфляция жылдық көрсеткіші 10,4%-дан 11,3%-ға көтерілді. Бұл – салықтың өсуі, бизнес шығындарының артуы және теңгенің әлсіреуі салдарынан импорттың қымбаттауымен түсіндіріледі.
Базалық мөлшерлеме болжамы да 14,75%-тен 15,25%-ға өсті. Нақты мөлшерлеме – 4,9%.