Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Атырау тұрғыны Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін 5 жылға сотталды

Атырау тұрғыны Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін 5 жылға сотталды,-деп хабарлайды Инфохаб.кз.

Атырау қаласының №2 қалалық соты жергілікті тұрғынды "Шетел аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысу" бабымен (ҚК 172-бап) кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырды. Бұл бап бойынша заңда 5 жылдан 9 жылға дейінгі түрме жазасы көзделген.

Тергеу мәліметінше, ол Ресейде жұмыс істеп жүргенде Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасап, Украинадағы соғысқа аттанған. Қақтығыс аймағында жарақат алғаны да хабарланды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Қазақстан заңнамасы азаматтарға шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысуға қатаң тыйым салады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама