Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Перизат Қайрат ісі бойынша қоғаушысы үкімді жоюды талап етіп, апелляцияға шағымданды

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның қорғаушысы Арман Давлетьяров олардың ісі бойынша апелляциялық шағым түсіргенін растады. Адвокаттың айтуынша, шағымда айыпталушылардың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ екені көрсетіліп, бірінші сатыдағы соттың үкімін жою және оларды толық ақтау сұралған. «Иә, апелляциялық шағым түсірдім. Апелляциялық шағымда олардың әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты үкімді жойып, оларды ақтауды сұраймын», – деді Давлетьяров.

25 шілдеде шыққан сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. Апелляциялық шағымның нақты қашан қаралатыны белгісіз. Сот үкіміне сәйкес, Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланған болатын. Қорғаушы тарап істің қайта қаралуы әділ үкім шығаруға мүмкіндік береді деп үміттенеді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама