
- 24 сәу. 2025 00:17
- 23
Адам Қадыров 17 жасында Шешен Республикасының Қауіпсіздік кеңесіне хатшы болып тағайындалды
Адам Қадыров 17 жасында Шешен Республикасының Қауіпсіздік кеңесіне хатшы болып тағайындалды,деп жазады Infohub.kz.
Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде ресми ақпарат Шешенстан Қауіпсіздік кеңесінің сайтында жарияланды.
Бұл – Адам Қадыров үшін республикадағы үшінші жоғары лауазымды қызмет. Ол 15 жасында-ақ Шешенстан басшысының жеке қауіпсіздік қызметін басқарған ең жас жетекші ретінде танылды. Ал биыл, 2025 жылдың сәуір айының басында, Ресей Ішкі істер министрлігінің аймақтық бөлімшесіне куратор ретінде тағайындалған болатын.
Жасөспірім жастағы азаматтың ел қауіпсіздігіне жауапты құрылымдардағы ықпалды қызметтерге көтерілуі қоғамда түрлі пікір тудыруда. Дегенмен, Қадыров әулетінің биліктегі беделі мен ықпалы бұл шешімнің артында үлкен саяси мүдде жатқанын көрсетеді.