Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
«Әйеліңе бір жерің тұрмайды»: Берденовке оқ атқан Ерлан Жиенбай сотта кінәсін мойындады

Руслан Берденовке оқ атып, ауыр жарақаттаған Ерлан Жиенбай бүгін сот залында сөз алып, прокурорлардың сұрақтарына жауап берді. Ол өзінің әрекетін ішінара мойындап, оқ атуға қызғаныш пен ар-намысқа тию себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Kyn.kz.

— Мен кінәмді мойындаймын, құрметті прокурор. Бірақ мұның екі жағы бар. Әлеуметтік желіде мен туралы “жәй ғана келіп, атып кетті” деп жазып жатыр. Жоқ, бұл дұрыс емес. Мен бұл әрекетімді дұрыс деп есептемеймін, — деді Жиенбай.

Сот залындағы жауаптарынан оның эмоциялық жағдайда болғаны аңғарылды. Прокурор оқ ату себебін нақты сұрағанда, сотталушы былай деді:

— Себеп — қызғаныш. Маған ар-намысыма тиетін сөздер айтты. Ашық айтам: “Сенің әйеліңе бір жерің тұрмайды” деген. Бұл менің намысыма тиді. Ондай сөзді қайталамасын деген мақсат болды, — деді ол.

Айта кетейік, бұл қылмыстық іс қоғамда резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Жәбірленуші Руслан Берденов ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген болатын.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама