Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Қоғам белсендісі Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертін өткізбеуді талап етті

10 тамызда Алматы қаласында әлемге танымал америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өтеді деп жоспарлануда. Алайда бұл шараның өтуі қазір сұрақ тудырып отыр. Себебі қоғам белсендісі Сауле Әбілдаханқызы әлеуметтік желідегі парақшасында концертті өткізуді тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Инфохаб.кз.

Белсенді 10 тамыз — қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күні екенін алға тартып, дәл осы күні ойын-сауықтық шара өткізу – ұлттық құндылықтарға қайшы деп есептейді.

> «10 тамыз — Абайдың туған күні. Мұндай күні шоу ұйымдастырып, оның үстіне ЛГБТ қауымдастығын ашық қолдайтын әртістерді шақыру — бұл қазақ мәдениетіне деген құрметсіздік», – деп жазды ол Facebook-те.

 

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бірі белсендінің уәжін қолдап, рухани күнде көңіл көтеретін іс-шараларға жол бермеу керек десе, енді бірі мұндай тыйымдар мәдени еркіндікке шектеу салады деп санайды.

Әзірше концерт ұйымдастырушылары ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Соған қарамастан, концертке билеттер сатылымда қалып, Джей Лоның мыңдаған тыңдарманы шоудың өтетініне үміттеніп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Дженнифер Лопестің сахналық киімдері 1 тамыз күні Астанада өткен концертінен кейін қоғамдық сынға ұшыраған еді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама