
- 07 мау. 2025 08:03
- 27
Айтбек Амангелді: “Шерзат ісі бойынша бұрын көрсете алмаған барлық құжаттарды жариялаймыз”
Айтбек Амангелді: “Шерзат ісі бойынша бұрын көрсете алмаған барлық құжаттарды жариялаймыз”
Айтбек Амангелді Шерзат ісі бойынша сот процесі аяқталғаннан кейін бұрын жария етілмеген құжаттарды ашық түрде ұсынатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, сот жүріп жатқан кезде олар көптеген мәліметтерді жариялауға шектеу болған.
“Біз өз тарапымыздан сот аяқталғаннан кейін бұл мәселеге қатысты ұстанымымызды нақтылайтынымызды мәлімдеген едік. Енді сот процесі аяқталғандықтан, біз бұрын көрсете алмаған барлық құжаттарды бірізді түрде жариялауымыз қажет”, — деді Айтбек.
Ол жәбірленуші тараппен мақсат ортақ болғанымен, ұстанған жолдарының әртүрлі екенін айтты. “Бұған дейін біз ешқандай құжатты жария түрде көрсете алмадық, әрі назарды басқа жаққа аударғымыз келмеді. Барлығымыздың мақсатымыз — Шерзаттың өлтірген қаскөйлерді жазалау. Бірақ оған жетудің жолдары әртүрлі”, — деп жазды ол.