- 12 қыр. 2016 00:00
- 228
Алматы облысынан мектеп оқушысы аламан бәйгеде 10 миллион теңге ұтып алды
«Алтын тұлпар» жарыстарының жеңімпазы 10 миллион теңге ұтып алды. Аламан бәйге бойынша республикалық турнир елордадан 30 шақырым жерде Қабанбай батыр ауылында өтті, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.
Шабандоздың шеберлігі, сәйгүліктің шыдамдылығы - кез келген бәйгенің басты өлшемдері. 51 шақырым қашықтықты еңсеру үшін едәуір табандылық керек. Алматы маңындағы Дегерес кентінің 13 жасар тұрғыны Асхат Әлімжанов Жаннұр атты сәйгүлігімен жарысқа өткен жылдан бері қапысыз дайындалған болатын. Бұл еңбек еш кетпеді. Жүйрік ат қожайынына жеңіс әперді.
«Өткен жылы жарыста мен үшінші орынға ие болған едім. Биылғы жылы барынша тырыстым. Мұндай деңгейдегі бәйгеде бұрын-соңды жеңіске жетпеген едім. Мен өте қуаныштымын», - деді Асхат.
Биылғы жылғы турнирге еліміздің түпкір-түпкірінен 67 тәжірибелі шабандоз жиналды. Оның ең жас қатысушысы 12 жаста болды, төрт айналымды шауып өту қажет еді. Ұйымдастырушылар келесі жылы бәйге қашықтығын тағы да 9 шақырымға ұзартпақ.
«Өткен жылы біз сәйгүліктердің қарымын тексеру үшін қашықтықты 51 шақырымға дейін ұлғайтуға шешім қабылдаған едік. Бүгін біз жүйріктердің бұдан да ұзаққа шаба алатынын көріп отырмыз. Бұл әрине, шабандозға да, бәйгеге қосылған аттарға да оңай емес. Бірақ та бәйге - біздің халқымыздың рухани игілігі, сондықтан да біз оны дамыту түсуіміз қажет», - деді жарыс төрешісі Мәуліт Қожатаев.
Екінші орын мен 3 миллион теңге жүлдеге Қарағанды облысынан Қинас Қожахметов ие болды. Жамбыл өкірінен Нұржан Егінбаев үшінші орынға және 2 миллион теңгеге ілікті.
Айта кетейік, алғашқы 9 шабандоз жүлделі болды.