
Фото: Әлеуметтік желі
- 27 там. 2025 14:59
- 14
Алматы әкімі «Қайрат» футболшыларын тарихи жеңісімен құттықтады
Алматы әкімі «Қайрат» футболшыларын тарихи жеңісімен құттықтады
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Қайрат" футбол клубының "Селтикке" қарсы ойынындағы тарихи жеңісінен кейін футболшыларды құттықтап, мегаполисте салынатын стадион туралы айтты, деп хабарлайды Infohub.kz.
Дархан Сатыбалды "Қайрат" футбол клубын тарихи жетістігімен және Еуропаның ең беделді додасы, УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алуымен құттықтады.
"Алматылық команда өз шеберлігі мен жігерін айқын көрсетті. Бұл жеңіс – барша алматылықтар үшін қуаныш, бүкіл ел үшін үлкен мақтаныш.
Клубқа алдағы уақытта да жеңістер мен Еуропа алаңында сәтті өнер көрсетуді тілеймін.
Алматыда жаңа заманауи стадионның салынуы Қазақстан футболының дамуына тың серпін беретіні анық", - деді қала әкімі.