
Фото:Видеодан кадр
- 27 там. 2025 14:57
- 15
Қайрат Боранбаев тарихи жеңістен кейін желіде жазба жариялады
Қайрат Боранбаев тарихи жеңістен кейін желіде жазба жариялады
"Қайрат" ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев әлеуметтік желіде тарихи жетістікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Infohub.kz.
Боранбаев өз жазбасында команданың жылдар бойы еңбектеніп, дәл осы сәтке жетуді мақсат еткенін баса айтты. Ол Қазақстан футболының да Чемпиондар лигасының әнұраны шырқалатын деңгейге көтеріле алатынын дәлелдегенін жазды.
«Академиядағы жүйелі жұмыс, инфрақұрылымға салынған қаржы, өз тәрбиеленушілерімізге қолдау — бәрі ұзақмерзімді нәтиже берді. Шетелден дайын шешім іздеудің қажеті жоқ: елде өз командаңды, өз футбол мектебіңді қалыптастыруға болады», - деп жазды ол.
Қайрат Боранбаев бұл жеңіс аянбай еңбек еткен жүздеген жанның — бапкерлердің, дәрігерлердің, талдаушылардың, тәрбиешілердің, ойыншылардың жеңісі екенін атап өтті.
«Бұл жолда сенім де, күш те, арман да бар. Біз мұны жанкүйерлер үшін жасадық. Қала үшін. Еліміз үшін. Себебі Қазақстанның футболдық әлеуеті бар. Алматыға еуропалық алпауыт клубтардың келуі үшін. Біздің балалардың өз арманы болуы үшін. Қазақстанда мақтан тұтатын команда бар екенін дәлелдеу үшін», - деп қосты Боранбаев.
-
Астанада ер адам өзін табысты кәсіпкер ретінде көрсетіп, төрт адамды іскерлік ынтымақтастық мақсатында автонесие алуға көндірген. Несиелерді төлемей ізін суытқан күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Infohub.kz.