depositphotos.com
- 13 мам. 2026 10:30
- 20
Алматыдағы кафелердің жазғы алаңдарына жаңа ережелер енгізіледі
Алматы қаласында кафелердің жазғы алаңдарын орналастыру мен пайдалануға қатысты ережелерге өзгерістер енгізілуде. Бұл бастама кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауды көздейді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, қала әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен кеңесте осы мәселе талқыланған. Алматыдағы кәсіпорындардың шамамен 30 пайызы жазғы алаңдарды пайдаланады екен. Алайда, қолданыстағы ережелер бұл алаңдардың уақытша және капиталдық емес сипатын ескере бермейді.
Жазғы алаңдарға жаңа талаптар
Бұл жағдай нысандарды орналастыруды келісуде қиындықтар тудырып, кейбір жағдайларда рұқсатсыз орнатылуына себеп болады. Осыған байланысты, кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы бұл рәсімдерді жеңілдететін ережелерге өзгерістер енгізуді бастады.
Алматыда 1600-ге жуық заңсыз сауда нүктесі анықталды
Сонымен қатар, қалада уақытша сауда нысандарын бұзу жұмыстары жалғасуда. Мониторинг нәтижесінде 1595 заңсыз сауда нысаны (НТО) анықталды. Оның 509-ы мемлекеттік қор жерлерінде, 210-ы жеке меншік учаскелерде мақсатына сай емес орналасқан, ал 876-сы бекітілген дизайн-код талаптарына сәйкес келмейді.
Билік өкілдерінің айтуынша, мұндай нысандар жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, қаланың сәулеттік келбетін бұзады және тұрғындардың шағымдарына себеп болады. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды заңсыз нысандарды жою жұмыстарын күшейтіп, бұзу қарқынын жеделдетуді тапсырды. Ол аудан әкімдері күнделікті бұзушылықтарды анықтап отыруы керектігін, ал жыл басынан бері небәрі 157 нысанның алынғанын айтып, бұл көрсеткіштің төмен екенін атап өтті.
Сондай-ақ, заңсыз нысандарды электр және сумен жабдықтаудан ажыратып, полициямен бірлесіп иелерін жауапқа тарту қажеттігін айтты. Қазіргі таңда Алматыда уақытша сауда нысандарын орналастыру үшін 142 орын бекітілген. Жыл соңына дейін олардың санын көбейту жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы танымал лаунж-бардың жазғы террасасы сот шешімімен бұзылған болатын.
-
Белгілі журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде өзінің жақын туысы, нағашы ағасы Хасан Ормановтың қайтыс болғаны туралы жүрек тебірентерлік жазба жариялады.