Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 41 минут бұрын)
Дана Нұржігіт отбасындағы қайғылы жаңалықты бөлісті: Нағашы ағасы өмірден озды

Белгілі журналист Дана Нұржігіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қайғылы жаңалықпен бөлісті. Ол өзінің нағашы ағасы Хасан Ормановтың өмірден озғанын хабарлап, оған арнап әсерлі жазба қалдырды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дана Нұржігіт жазбасында марқұм ағасының балалық шағының куәсі болғанын, оның әскерден оралып, шаңырақ көтергенін, кейін атасының қара шаңырағына ие болып, ауылдағы сыйлы азаматтардың біріне айналғанын еске алды. «Хасан нағашым… балалығымның куәсі… әскерден келгені, үйленгені, атамның шаңырағына ие болып, ауыл интеллигенциясының, ардагерінің алды болып, зейнетке шыққанына бір ай ғана болған еді… 5 сәуір күні ғана мерейтойын өткізіп… Соңғы көрген қуанышы екен ғой!» деп жазды журналист.

Журналист нағашы ағасына деген сағынышын білдіріп, туған-туыстарына көңіл айтты. «Нағашы ауылым қара жамылды… Кімді іздеп, кімге еркелеп барып, жиендік жасап, мауқымды басам?! Диханкөл ауылының жұртын өнерімен сусындатқан аңқылдаған ағамның аруағы қолдасын! Өнерлі ұрпағына, жары Гүлзипа жеңгеме, нағашы жұртыма қайғырып көңіл айтамын! Алдыңнан жарылқасын, Хасеке!» деп жазды Дана Нұржігіт.

Жаңалықтар

Жарнама