Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 18 минут бұрын)
Алматыны жаңбыр қайтадан құрдымға ұшыратты

Алматы қаласына жауған нөсер жаңбыр салдарынан қаланың Алатау ауданындағы Алғабас ықшам ауданы су астында қалды. Қарғалы өзенінің деңгейі көтеріліп, жағалауынан асып, қаланың ең көп жүретін магистралі – Рысқұлов даңғылына жайылды. Өзен суы аулаларды, үйлерді және шаруашылық құрылыстарды басып өтті.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жергілікті тұрғындар болған жағдайға көрші ықшам ауданның құрылысшыларын кінәлап отыр. Олар өзен арнасын өзгертті деп айыпталуда. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда ТЖМ құтқарушыларының әрекетіне қарамастан, табиғат апатын әлі бақылауға алу мүмкін болмағаны айтылады. Тұрғындардың айтуынша, аудан әкімдігі қоңырауларға жауап бермейді, жергілікті билік өкілдері оқиға орнында әлі көрінбеген.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, алдағы күндері аймақта жаңбыр жаууы жалғасады. Бұл мегаполистегі су тасқыны мәселесін одан әрі ушықтыруы мүмкін.

Жаңалықтар

Жарнама