коллаж politico.kz
- 24 ақп. 2026 16:31
- 23
"Ақбаянның шашын алдық": Атыраудағы іске күдіктінің анасы жаңалық ашты
Атырау облысы Жангелдин ауылында болған оқиғаға қатысты негізгі күдіктілердің бірі Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы, келіні Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тың мәліметтерді жария етті. Ол құқық қорғау органдарының кейбір жайттарды бұрмалап, жағдайды толық түсінбей отырғанын айтты.
Анасының сөзінше, келінінің шашын тықырлап алу тұрмыстық зорлық-зомбылықпен ешқандай байланысы жоқ. Журналист Руслан Өтепбайдың «Келіннің шашын не себепті алдыңыздар?» деген сұрағына ол алдымен келінінің денсаулығына байланысты мәселе туындағанын айтты.
«Келіннің үсті-басына жара түсіп кетті. Биттеп кетті. Амал жоқ, тықырлап алып тастадық. Өзім рұқсат бердім. “Сұлтан, шашын алып таста! Түнімен басын қасып, жара қылды. Жаймасының бәрі жараның қабығынан көрінбейді. Балаларға жұғып жүрер” дедім», – дейді ол.
Оның айтуынша, бұл шешім зорлық-зомбылықтан емес, гигиеналық себептерден қабылданған. «Сұлтан қия алмады. Қанша дегенмен сүйіп қосылған келіншегі ғой. Бірақ жаз мезгілі, душ бар. Ақбаян өзі қарсы болған жоқ, қайта рахаттанып қалды. Басын жуып, тазалап бердім. Қан құйылғаннан реакция беріп тұрған. Полиция оны басқаша түсінді. “Неге алдыңыз шашын?” деп, күйеуінен таяқ жеп, шашын алып тастаған деп ойлайды. Аралары жақсы болды, кикілжің болған жоқ», – деді күдіктінің анасы.