
Фото: ДСМ
- 21 там. 2025 16:18
- 11
Ақмарал Әлназарова Үржардағы жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайын білуге келді
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Абай облысы Үржар ауданы Бестерек ауылындағы көлік апатынан аман қалған балалардың жай-күйін білуге келді, деп хабарлайды Infohub.kz.
Зардап шеккен балалар Астанадағы №2 қалалық балалар ауруханасында жатыр.
Министр мен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы балалардың жағдайын білгеннен кейін, олардың анасымен сөйлесті. Дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетіп жатқанын айтты.
Айта кетейік, Үржардағы жол апатынан зардап шеккен 9 жасар қыздың жағдайы әлі ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Астанадан келген дәрігерлер бірнеше күрделі операция жасағанымен, әлі өзгеріс жоқ.