
Фото:freepik.com
- 21 там. 2025 15:59
- 16
Лазер немесе дронмен ұшақтың жұмысына кедергі келтіргендер 10 жылға дейін сотталады
Бас прокуратура лазер немесе дронмен ұшақтың жұмысына кедергі келтіргендер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Infohub.kz.
Лазерлік құрылғыларды қолдану салдарынан ұшқыштар уақытша көру қабілетінен бұл бұл өз кезегінде ұшақ апатына әкелуі мүмкін.
Қазақстанның авиациялық қызметтерінің мәліметінше, соңғы 6 жыл ішінде жолаушылар лайнерлерімен байланысты осындай 98 оқиға тіркелген. Ең көп фактілер Алматы халықаралық әуежайында болған.
Бұған дейін заңнамада мұндай әрекеттер үшін арнайы жауапкершілік қарастырылмаған еді. 16 шілдедегі заңның қабылдануымен Қылмыстық кодекске лазерлік құрылғыларды немесе ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, әуе кемесін басқаруға кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жаңа 352-1-бап енгізілді. Жаза қылмыстық әрекеттің деңгейіне қарай айыппұл немесе қамауға алудан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін өзгереді.