
- 09 шіл. 2025 18:58
- 31
Ақтөбе облысында ауыл әкімі өзіне қол салмақ болды
Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты ауылдардың бірінің 47 жастағы әкімі өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Оқиға 7 шілде күні болған. Ақпаратты аудан басшысы Асланбек Шүйіншалиев растады.
Әкімнің өмірін оның жұбайы сақтап қалды. Әйелі дер кезінде әрекет етіп, оқиғаның қайғылы аяқталуына жол бермеген. Шенеунік ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді, қазіргі таңда жағдайы тұрақталған, ол палатаға ауыстырылды.
Аудан әкімі оқиғаның себептері жайлы ашып айтпады, тек бұл жеке мәселе екенін атап өтті. Ал полиция оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын хабарлады. Тергеу нәтижелері бойынша оқиғаның мән-жайы анықталатын болады.
Бұл – Ақтөбе облысында тіркелген алғашқы жағдай емес. 2022 жылдың желтоқсан айында Алға ауданының Қарабұлақ ауылында ауыл әкімі Ернар Махамбетов жанжал кезінде пышақ жарақатынан көз жұмған болатын. Қылмысқа күдікті азамат кейін сегіз жылға сотталған.
Сарапшылардың пікірінше, жергілікті әкімдерге түсетін әлеуметтік, саяси және отбасылық қысым жиі ескерусіз қалады. Бұл жағдай тағы бір мәрте ауыл әкімдерінің психологиялық қауіпсіздігі мен қолдау жүйесінің әлсіздігін көрсетіп отыр.
Әзірге ауыл әкімінің өзіне қол салуға не үшін барғаны белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Мамандар бұл жағдайды жергілікті билік өкілдерінің әлеуметтік әл-ауқатын бағалау мен қолдау қажеттігінің белгісі деп отыр.