
- 30 мау. 2025 18:56
- 26
Алматыда мопед айдап қашқан күдікті полицейді сүйреп әкетті, бірақ алысқа ұзай алмады
Алматыда мопед айдап қашқан күдікті полицейді сүйреп әкетті,бірақ алысқа ұзай алмады
— деп хабарлайды Infohub тілшісі.
Алматы қаласында мопед ұрлығы тәртіп сақшысын жарақаттап тынды. Қаланың орталық бөлігінде, Төле би көшесінде болған оқиғада екі адам көпқабатты үйдің ауласынан мопедті қолды қылған.
Көлік иесі дереу полицияға хабар беріп, із кесу басталды. Әлеуметтік желіде тараған видеода күдіктінің мопедпен қашпақ болғаны, ал полицейдің оны тоқтатуға тырысқаны анық көрінеді. Алайда қылмыскер тәртіп сақшысын бірнеше метрге дейін сүйреп әкетіп, ақыры өзге көлікке соқтығысқан сәтте жерге құлаған.
Сол кезде жараланғанына қарамастан, полицей дереу күдіктінің қолына кісен салған.
Қазір мопед айдап қашты деген күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.