
- 27 мам. 2025 16:01
- 27
Ақтөбеде шұғыл қонған ресейлік ұшақтағы жолаушы көз жұмды
Бүгін күндізгі сағат 12:40-та Екатеринбург–Сочи бағытында ұшқан Boeing-777 ұшағы жолаушының денсаулығы күрт нашарлауына байланысты Ақтөбе халықаралық әуежайына шұғыл қонды. Бұл туралы Әуежай қызметі хабарлады.
Ұшақ жерге қонар сәтте әуежайда жедел қызметтер мен медицина бригадасы дайын тұрған. Алайда 1983 жылы туған әйел жолаушы ұшақ қонғанға дейін көз жұмғаны белгілі болды. Әуе кемесінде барлығы 564 жолаушы болған.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті қызметтер тексеру жұмыстарын жүргізуде.