
- 27 мам. 2025 16:00
- 129
Президент Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Кездесуде қала басшысы алдағы жұмыс жоспары, атап айтқанда әлеуметтік-экономикалық даму, экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы басымдықтар туралы баяндады.
Президент мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін нақтылап, бірқатар тапсырма жүктеді. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді жаңғырту, жол-көлік жүйесін жетілдіру және экологиялық мәселелерді шешу қажеттігін атап өтті.