Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
«Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің экс-басшысы Талғат Ардан Түркияда қолға түсті. Бұл туралы Infohub.kz  Ushqyn.kz-ке сілтеп хабарлайды. 

Ведомство мәліметінше, Арданды Түркияның құқық қорғау органдары Анталья қаласында ұстаған. Оның нақты орналасқан жері биыл анықталған. Бұған дейін, 2019 жылы Бас прокуратура Түркияның Әділет министрлігіне оны экстрадициялау жөнінде ресми сұрау жолдаған болатын. Түркия тарапы осыған сәйкес іздестіру шараларын ұйымдастырып, нәтижесінде Ардан қолға түсті.

Анталья соты 2025 жылғы 9 мамырда оны Қазақстанға депортациялау туралы шешім шығарды. Қазіргі уақытта Талғат Ардан қамауда отыр. Қазақстанның құзырлы органдары оны елге қайтару үшін қажетті құқықтық рәсімдерді бастап кетті.

Айта кетейік, Астана қаласының соты бұған дейін Талғат Арданды аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқырғаны және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама