Tengrinews.kz / Маржан Куандыкова
- 15 мам. 2026 20:30
- 23
Астана LRT қашан жолаушыларды тасымалдайтыны белгілі болды
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев елорда тұрғындары мен қонақтарының «Астана LRT»-мен алғашқы сапарларын қашан жасай алатынын нақты айтты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өтебаевтың айтуынша, жүйе дайындық жұмыстарының соңғы кезеңінде және бұл жұмыстар тағы екі күнге созылады.
«Бүгін 15-і. Ертең тағы бір күн дайындық жұмыстары болады. Одан кейінгі күні сіздер LRT-мен жүре аласыздар», - деді Ерсін Өтебаев.
Осылайша, LRT 17 мамыр жексенбіде іске қосылады.
«Астана LRT» іске қосылуы
Бұған дейін City Transportation Systems (CTS) компаниясы журналистерге «Астана LRT» жеңіл рельсті көлік жүйесінің алғашқы жолаушылары осы аптада, 16-17 мамырда пайдалана алатынын хабарлаған болатын.
«Астана LRT»-да барлығы 18 станция болады, маршруттар қаланың басты іскерлік орталықтары мен тұрғын аудандары арқылы өтеді. Кейбір станцияларда атаулар пайда болды.
Платформаға кіру үшін билет немесе көп реттік көлік картасын сатып алу қажет. Бір жол жүру құны 200 теңге болады.