Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Астанада «бизнес-тренер» тұрғындарды тақырға отырғызып кетті

Астанада «бизнес-тренер» тұрғындарды тақырға отырғызып кетті

 

Астанада бизнес-тренер тұрғындарға онлайн-сауда курстарын ұсынып, алдап кетті, деп хабарлайды Infohub.kz.

Өзін онлайн-сауда және сатып алу саласындағы бизнес-тренер ретінде таныстырған азамат Instagram әлеуметтік желісі арқылы тұрғындарды оқуға тартқан. Ол онлайн-саудаға үйрету курстарын ұсынып, кейін тыңдаушыларға тұрмыстық техниканы көтерме саудада сату үшін қаржы салуды ұсынып, салынған қаражатқа 10% көлемінде пайда уәде еткен.
Алайда, ақша алғаннан кейін уәде еткен шарттарды орындамай, клиенттермен байланысын үзіп жасырынған.
Келтірілген залал сомасы 50 млн теңгеден асады.
Сот үкімімен кінәліге 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама