
- 01 сәу. 2025 09:05
- 47
Атырауда мемлекеттік туды қорлағандардың бірі 15 тәулікке қамалды
Атырауда мемлекеттік туды қорлағандардың бірі 15 тәулікке қамалды
Атырауда үш азаматқа "Ұсақ бұзақылық" бабымен айып тағылды. Олардың бірі – жасөспірім.
Н.-ға кәмелетке толмаған адамды құқық бұзушылыққа тарту және адамдар тобымен әкімшілік құқық бұзушылық жасау жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар ретінде есептеліп, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
А.-ға 78 640 теңге айыппұл салынса,
Кәмелетке толмаған Х.-ның заңды өкіліне 39 320 теңге айыппұл төлеу міндеттелді.
Бұл оқиға мемлекеттік рәміздерге құрметпен қараудың маңыздылығын тағы бір рет еске салды. Құқық қорғау органдары рәміздерді қорлағандарға қатаң шаралар қолданатынын ескертеді.