
- 01 сәу. 2025 08:10
- 51
TikTok негізін қалаушы Чжпн Имин Қытайдың ең бай адамы атанды
Қытайдағы миллиардерлер тізімі тағы да өзгерді. ByteDance компаниясының негізін қалаған Чжан Имин елдегі ең ауқатты кәсіпкер атанып, байлығы 57,5 миллиард долларға жетті.
Осыған дейін рейтингтің көшін бастап келген Nongfu Spring иесі Чжун Шаньшань бұл жолы үшінші орынға сырғып, оның байлығы 54,1 миллиард долларға дейін азайды. Ал екінші орын Tencent компаниясының басшысы Ма Хуатэнге бұйырып, оның дәулеті 56,6 миллиард долларды құрады.
Чжан Иминнің қаржылық жағдайы соңғы күндері күрт жақсарып, оның дәулеті TikTok-тың АҚШ-тағы бөлімшесін сату жөніндегі жаңалықтардан кейін арта түсті. Қытайлық миллиардерлер әлемдік байлар рейтингісінде 24-26 орындардан көрінді.
Ал әлемдегі ең дәулетті адам – Илон Маск, оның байлығы 336 миллиард долларды құрайды.