Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ауру тудыратын бактериялар және олармен күресу шаралары
Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы,
№11 М. П. Окороков атындағы жалпы орта мектебінің
Биология пәні мұғалім: Алипбаева Н.Н.

Биология 7 сынып
Тақырып: Ауру тудыратын бактериялар және олармен күресу шаралары
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Оқушыларға ауру тудыратын бактериялар туралы түсінік қалыптастыру, олармен күресу шараларын, жеке бас гигиенасын дұрыс сақтауға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың тез ойлау қабілеті мен есептеу мәдениетінің дамуына ықпал жасау.
Тәрбиелігі: Оқушылардың танымдық қызығушылығын туғызу. Топпен жұмыста достық қатынасты қалыптастыру. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады: Бактерияларды түсіну және ауызша түсіндіре білу.
Биологиялық терминология: бактерия, індет(эпидемия), қантышқақ (дизентерия), тырысқақ, оба, столбняк, гоммоз, туберкулез, ботулизм
Оқыту ресурстары:
Интербелсенді тақта, оқулық, бор, тақта, жұмыс дәптерлері, түрлі түсті қалам, түрлі түсті қағаз, қайшы, суреттер

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:. Бүгінгі сабақта келесі ережелер бойынша жұмыс атқарамыз.
• Сергіту сәті.
• Топтарға бөлу.
• Өзіндік жұмыс
• Көпіршелер арқылы оқыту
• Топтық жұмыс
• Постер жасау
• Жаңа мағлұмат аламыз.
• Өз ойларыңды айту.
• Рефлексия

 Қызығушылықты ояту:

• Сергіту сәті: 2 минут
«Қара жорға» әуені интербелсенді тақтада шырқалады.
• Топтарға бөлу: 1 минут
Жеміс - жидектер бойынша топтастыру.(алма, алмұрт, апельсин, лимон)

ІІ. Қайталау:
• Микробиология ғылымына үлес қосқан қандай ғалымдарды білесіңдер?
• Микроскопты алғаш ойлап тапқан кім және тарихы жайлы не білдіңдер?
• Вирус дегеніміз не?
• Бактериялардың құрылысы және пішіндері қандай?
• Өзіндік жұмыс: 7 минут
Топтарға бактерияның түрлері, ғалымдар, микроскоптың түрлері, вирустардың суреттері беріледі. Суреттер арқылы оқушылар үй тапсырмасын жазады. Тапсырманы жазып болған соң, әр топ өзінің жұмысын қорғайды.
• Көпіршелер арқылы оқыту: 5 минут
Әр топ мүшелері жазған жұмысын бір - бірімен ауысып, толықтырулар енгізіп, бағалауға болады.

 Ой толғаныс:
- Оқушылар сендермен біз бүгінгі сабақта бактериялар дүниесіне шолу жасадық.
- Мына суретке назар аударайық. Бұл суретте нені көріп тұрмыз?
- Ия, бұл адамның өкпесі. Бірақ суреттегі өкпе сау өкпеге ұқсап тұр ма?
- Жоқ. Бұл өкпе - ауру.
- Ия, бүгін біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы қандай болмақшы?
Интербелсенді тақтадан сабақтың тақырыбы шығады.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру: Презентация 20 минут
Жаңа сабақты оқыту және оқу үшін әдісі бойынша оқулықтағы тақырыпқа шолу жасайды. Оқулықтағы тақырып бойынша оқушыларға тапсырма беріледі.
І топ: Ауру қоздырушы бактериялардың түрлері
ІІ топ: Ауру қоздырушы бактериялармен күресу шаралары
ІІІ топ: Өсімдіктер мен жануарлардың ауру түрлері
ІV топ: Адам ағзасындағы ауру қоздырушы бактериялар

 Мағынаны тану:
Әр топ постер жасап, қорғайды. Постер жасаған кезде оқушылар оқулықты пайдаланады. Өздері ізденіп, шығармашылық жұмыс пен жаңа мағлұматтарды алады. Әр топ жұмысын қорғау кезінде спикер сайлап алады. Спикерге көмекші алуға да болады.

І топ:
Ауру қоздырғыш бактериялардың түрлері: іш сүзегі, қантышқақ, туберкулез, ботулизм, т. б. Қан улы заттарды ауру адамның бүкіл денесіне таратады. Ауру тудыратын бактериялар ауада, суда, тағамда болғандықтан, солар арқылы сау адамға жұғады. Көпшілік орындарда, бөлмеде неғұрлым ауа таза болса, соғұрлым аз ауырады. Туберкулез таяқшасы лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаңмен бірге ауаға таралады. Оба бактериясы топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегі 3 айға дейін сақталады. Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882 ж ағылшын ғалымы Роберт Кох анықтады. Ауыратын сиырдың сүтінен таралатын ауру - сарып (бруцеллез), тағамдар арқылы уланатын ауруды – ботулизм дейді.

ІІ топ:
Жұқпалы аурулардың алдын - алудың негізгі шаралары – тазалық ережесі. Мысалы, қайнамаған, лай су ішпеу. Тамақ ішер алдында қолды жуу, киімді таза ұстау. Ауру қоздырушы бактерияларға қарсы дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Аурулардың алдын алу үшін егу (прибывка) шаралары да жүргізіледі. Көкөністерді жуып жеу. Шіріту, ашыту бактерияларына қарсы түрліше күрес шаралары жүргізіледі:
- Жемістерді, саңырауқұлақтарды, астық дақылдарын кептіру;
- Тағамдық өнімдерді тоңазыту;
- Сірке қышқылын қоса отырып өңдеу;
- Көкөністерді тұздау және т. б.

ІІІ топ:
Бактериялардың көптеген түрі өсімдіктерді де зақымдайды, ол ауруды бактериоз дейді. Бактериялар өсімдіктің сабағын, тамырын, жемісін шірітеді. Өсімдіктердің бактерия ауруларына қарсы негізгі күрес шаралары - тұқымды себер алдында улы химикаттармен өңдеу, ауруға төзе алатын іріктемелерді таңдап алу. Бактериялар мақта өсімдігіне гоммоз (шайыр ағу) ауруын туғызады. Мақта тұқымында сақталған бактерия спорасы тұқыммен бірге өнеді. Мақта сабағын, жапырағын, қауашағын зақымдайды да, ірі қошқыл қоңыр түсті дақтар пайда болады. Оның беті сілемейленіп, жабысқақ болып тұрады, онда бактериялар шоғырланып, кейін кеуіп, қабыршақтанады. Одан соң жел ұшырып, екінші өсімдікке жұғады. Жапырағындағы лептесік саңылауы арқылы бактерия ішке өтіп, жасуша қабығы және цитоплазмасымен қоректенеді. Бұл ауруды болдырмау үшін мақта тұқымын үнемі химиялық заттармен өңдеп отыру керек.
Герк жаңғағы, жиде, терек, қарағай ағаштарының жапырақтарынан бөлінетін заттардың бактерияларды қырып жіберетіні анықтаған.

ІV топ:
Ауру туғызатын бактериялармен адамдардың жаппай ауруын індет (эпидемия) деп атайды. Тамақ, су арқылы сүзек, сальмонелла ауруларын қоздырушы бактериялар жұғады. Қантышқақ ауруын дизентерия бактериялары қоздырады. Пенициллин дәрісін қабылдағанда ауру қоздырғыш бактериялар тіршілігін жояды. Адамға суық тиіп ауырғанда да ағзада бактериялар көбейіп кетеді. Сондықтан ол ауруды антибиотиктердің көмегімен 2 - 24 сағат арасында жазып жіберуге болады. VІ ғасырда Қытайдан басталып, Еуропаға таралған оба ауруы күніне он мыңдаған адамдардың қазаға ұшырауына себепші болған.

Ү. Сабақты қорытындылау: 3 минут
Мұғалім. Ал енді сабағымызды қорытындылайық. Интербелсенді тақтада:
«Дені сау ұрпақ – болашақ кепілі» атты слайд көрсетіледі. Осы тақырып бойынша әр топқа суреттер беріледі. Суреттер бойынша өз ойларын білдіріп, сабақты бекітеміз.
1. Дұрыс тамақтану
2. Денені шынықтыру
2. Жеке бас гигиенасы
4. Денсаулық

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама