Қазақстан 2050: Бір халық - бір ел - бір тағдыр
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы
Сайқын ауылы, М - С. Бабажанов атындағы ЖОББ мектебі
Абдрешова А. Ф.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қазақстан 2050: Бір халық - бір ел - бір тағдыр
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан Республикасын сүюге, оның лайықты азаматы болуға, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтауға, мемлекеттік Туымызды,
Әнұранымыз, Елтаңбамызды құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР картасы, менің Қазақстаным топтамасы, Анаграмма, туған өлке, облыс, Астана туралы буклеттер.
Тәрбие сағатының әдісі: Саяхат сабақ, сұрақ - жауап әдісі.
Сабақтың барысы:
Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындалудан басталады.
І Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу сәті
Балалардың барлығы ортаға шығып, киіз үйдің шаңырағының астында шеңбер болып тұрады.
Қол ұстасып тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уықтай болып иіліп,
Киіз үйді құрамыз.
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар,
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Енді бәріміз бір бірімізбен, жылы жүзбен амандасып жіберейік.
Шаттық шеңберін құрып тұрамыз.
Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Мен қолымды бұлғайын,
Жылы, жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын,
Жылы, жылы сөзбенен,
Маңдайыннан сипайын.
Ыстық алақаныммен
Қолынды бер қысайын.
Амандасып өзіңмен,
Құшақтасып алайын.
Бәріміз орындарымызға барып отырайық
Құттықтау сөз. Балалар бүгін бірінші қыркүйек білім күні, алғашқы қоңырау салтанаты. Бұл күнді жер шарындағы білімге құштар сіздер секілді бақытты балалар асыға күтті, қолдарына гүл шоқтарын алып, сөмкелерін алып, мектепке қарай асыға келді. Оларды мұғалімдері қарсы алып, білім ордасына кіргізді.
Балалар бәріміз ойланып мына сұрақтарға жауап берейік.
Білім не үшін қажет?
Білімге қалай қол жеткізуге болады?
Сұрақтарға толық жауап алу үшін біз бүгін Қазақстан еліне саяхат жасай отырып білімдерімізді толықтырамыз, білгендерімізді ортаға салып ой бөлісеміз.
Саяхатқа шығу үшін көлік түрін таңдайық. Поезд
Ойша ауыл мен Сайқынның ортасында темір жол салынса деген арманмен поезбен келе жатырмыз деп ойлаймыз.
І аялдама Ауылым алтын бесігім. Бәріміз Сайқын ауылында жүрміз. Сайқын ауылы, Бөкей ордасы туралы айтып, компьютерден фотолар көрсету.
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданына тарихи сипаттамалық шолу.
Аудан Батыс Қазақстан облысының оңтүстік батысында орналасқан. Батысында Ресей Федерациясының Астрахан облысымен, солтүстігінде облыстың Жәнібек, Казталов, шығысында жаңақала аудандарымен шектессе, оңтүстігінде Атырау облысының Құрманғазы ауданымен шектеседі.
ІІ аялдама Ғажайып қала Оралым. Орал туралы түсінік беру.
Орал қаласы 1613 жылы құрылған. Орал – Орал өзенінің оң жақ жағалауында Шаған өзенінің құймасында орналасқан. Облыс халқының саны 604, 3 мың адам. Қала халқының саны 257, 3 мың.
ІІІ аялдама Асқақтай бер Астана Енді бәріміз Арман қала Астанаға келіп жеттік.
- Биыл Астананың неше жылдығын тойладық?
Мен сіздерге Астана туралы қысқаша айтып өтейін.
Бұдан он бес жыл бұрын ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 1997жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Ақмола қаласы қазіргі Астана 1997 жылы 10 желтоқсанынан Қазақстанның астанасы болып жарияланды. 1998 жылдың 6 мамырында ҚР Президентінің Қаулысы бойынша Ақмола атауы Астана болып өзгерді. Астана қаласының қазақ елінің жаңа астанасы ретінде халықаралық таныстырылымы 1998 жылы 10 маусымында өтті. Астана күні 6 шілде күні аталып өтіледі. Өйткені дәл осы күні ҚР Жоғарғы Кенесі астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл күн мемлекеттік мереке болып саналады.
Бүгінде Астана түрлі халықаралық деңгейдегі шараларды өткізілетін орталыққа айналып үлгірді. Атап айтқанда 2013 жылы тамызда Қазақ елінің елордасында бокстан 17ші әлем
чемпионаты, 2014 жылы ауыр атлетикадан 81ші әлем чемпионаты өтеді. Бұдан бөлек, Астана 2017 жылы EXPO 2017
Халықаралық мамандандырылған көрмені жоғары деңгейде өткізуге барын салатын болады.
Астананың 15 жылдығы атаулы мереке, ол өзінің және келешекке деген сеніммен байланысты « жастық мерей тойы»
деген атпен аталып өтті. Мерекелік шараға еліміздің түпкір түпкірінен, шет елдерден қоңақтар келді.
Астананың 15 жылдығына қосқан үлесіміз ретінде өзіміздің білетін өлеңдерімізді шашу етейік.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбына тоқталатын болсақ Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген
«Қазақстан 2050» Стратегиясы Бір халық - бір ел - бір тағдыр идеясы Биылғы оқу жылындағы Білім күнінің ұраны болуы тиіс деген болатын.
Президентіміз анықтағандай, « бір халық» - бұл барлығына ортақ ұлт мүдделері, « бір ел» - бұл барлығымызға ортақ Отанымыз, « бір тағдыр -» бұл барлығымыздың басымыздан өткен қиындықтар мен жеңістер, бұл біздің ортақ келешегіміз – көркейген және гүлденген Қазақстан.
Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына ену. Біздің жетістіктеріміз және біздің қазақстандық даму моделіміз жаңа саяси бағыттың негізі болуы тиіс.
« Қазақстан 2050» Стратегиясы бұл біз кімбіз, қайда барамыз,
2050 жылы қайда болғымыз келеді деген сұрақтарға жауап.
Жас ұрпақты осы мәселе қызықтыратынына сенімдімін....
Слайдпен жұмыс жүргізу
ІY аялдама Бақытты шақ
Бой сергіту мақсатында 1. «Достық» әнін орындау
2. «Астана» анаграммасын шешу
Y Қорытынды бөлім
« Күн көзін бұлттан қорғау « ойыны
Сұрақтарға жауап беру
1. Астана күнін ата?
2. Биыл неше жыл болды?
3. ҚР тұңғыш Президенті кім?
4. Тәрбие сағатының тақырыбы қалай аталады?
Жауап бергендеріңіз үшін рахмет
Сиқырлы сандықшадан балаларға тосын сый беру
Осымен сабағымыз аяқталды.
Тыңдағандарыңыз үшін рахмет!