Азаттықты аңсаған Алтай батыр
Ғылыми жоба тақырыбы: Азаттықты аңсаған Алтай батыр
ОРЫНДАҒАН: Ақтөбе қаласы, №51 гимназия 7 «б» класс оқушысы
Сәндібекова Раиса
Берікқызы Інжусалтанат
ЖЕТЕКШІСІ: Нурмагамбетова Салтанат Куандыковна
Ақтөбе қаласы, №51 гимназияның тарих пәні мұғалімі
Кіріспе
Қазақ халқының басынан кешкен қиын сәттерінде Алтай батырдың ел қорғаудағы ерліктері мақтанарлықтай. Қазіргі жас ұрпаққа үлгі боларлық. Елін қорғау барысындағы қайсарлығы, ерліктері алаш жұртының мәңгі жадында. Батырдың жас кезіндегі таңқалдырарлық ұрыстарға толы өмірі қазіргі ұрпаққа өкінішке орай беймәлім. Алтай батырдың туған жылы туралы әртүрлі деректер бар. Алтай батырдың өмір жолымен, қызметімен және рухани мұраларымен кеңінен танысамыз. Тарихи тұлғаның көпшілікке үлгі боларлықтай өмір жолымен іскерлігі кеңінен талданып, оқушыларға және басқа да тұлғатанушыларға таныстырылады.
Кер заманда ұрпағы өзінен айрылып, есімін жадынан шығарып ала жаздаған, асыл ер, халықтың ел қорғаған хас батыры, әділдігімен «қара қылды қақ жарған», сындарлы би болған, ханмен қатар отырып кеңес құрған Ақ кете Алтай Ебескі ұлы да, қазақ халқының тарихында өзіндік орны бар, елдің ерекше жаратылған ұлы перзенттерінің бірі.
«Елдің атын ер шығарады, ердің атын ел шығарады» дейді, - данышпан халқымыз. Қанша заман өтсе де ел-жұрт Алтай батырдың ерлік істерін жадынан шығармай, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, оның ерлігін жас ұрпаққа үлгі етумен келеді.
Алтай Ебескеұлы (18 ғ.) – батыр Қазақстанның батысын, әсіресе, Атырау, Жем, Ойыл бойларын қалмақтардан қорғау соғыстарына белсене қатысқан. Кіші жүздің кете руынан. Шешесі – Қарлығаш. Қарақыпшақ Қобыландының ержүрек сарбаздарының бірі –Әбілмәмбет батырдың немересі.
Алтай батырдың әкесі де батыр болған. Кіші жүздің кете руынан. Жоңғарларға қарсы азаттық соғыстарға ( Сауран маңындағы ) және Атырау, Жем, Ойыл бойларын Еділ қалмақтарынан қорғауға белсене қатысқан. Батыр болған адам.
1731 жылы қалмақтардың қолына түсіп , екі – үш жылдан соң тұтқын алмасу нәтижесінде босаған . 1738 жылы Құм өзенінің жағасын жайлаған қалмақ ханы Дондикқа қарсы Әбілқайыр хан бастаған жорыққы қатысқан . Бөкенбай батыр екеуі 2000 кісілік қолды Жем өзенінің бастауына бекінген қалмақтарды Жайықтың арғы бетіне қуып тастаған . 1749 жылы жұттан малды аман сақтау үшін елін бастап Жайықтың арғы бетіне өтуге Ресей әкімшілігінен рұқсат алған . Осы кезеңдерде Алтай батырдың істеген еңбектері мен ерлігін қамтитын бұл жоба негізі Алтай батырды қайталанбас тұлға ретінде қалыптастыру.
Алтайды зерттеуші ғалымдардың аздығы бізді қатты қынжылтады. Соған қарамастан біздің қолымыздағы мәліметтерді жинақтай отыра, қосымша ізденістері жұмыстары арқылы, ұрпақтарымен кездесіп, ел аузынан тарихи әңгімелерді жазып ішінен ең негізгі дегендерін осы жобада тарихи мәліметтерге сүйене отырып жаздық. Міне осы мәселені жас өскелең ұрпаққа көрсетіп, насихаттау жұмысыздың барысы болмақ.
Бодандық қамыты
Қазақ елінің шежіре-тарихы бойынша Кіші жүз (Жанарыс) Байұлы, Әлім (Қарақесек), Жеті ру болып үшке бөлінеді. Қаракесек бірлестігі жөнінде ғылыми дәйектер не дейді?
Академик Әлкей Марғұлан Кете жұрты Сыр бойын моңғол дәуіріне дейін қоныстанып, Батыс Түрік қағандығына оғыз тайпаларының бірі, сол отырған мекенінде көшпей қалған ел дегенді айтады. -ғасыр мәліметтерінде қиданадар қоластына қарайтын 18 тайпаның бірі Хити деп аталыпты. Бүгінгі кетелерде бар + таңбасы сол хитилерде де болған
М.Тынышбайұлы Кете атауын Сібірдегі Ачинск қаласынан жүз шақырымдай теріскейдегі Кеть өзенімен байланыстырады. М. Тынышбайұлының Кіші жүздегі Жетірудагы басүа рулардың ортақ аты Алшынды осы Ачинск төңірегінде бар Үлкен Ачинск, Кіші Ашын руларымен бір қатысы жоқ па екен деп болжам айтуы да көңіл аудартады. Осы аймақтарда Беріш, Шеркеш, Алшедат секілді өзендердің болуы, Алтын деген жер атының кездесуі де Кіші жүзге кіретін бірқатар елдердің әу баста қалың түркі жұрты қайыса қоныстанған құтты қоныс Алтай айналасынан келуі әбден мүмкін леген жорамалдарға жүгіндіреді.
«Ана тілі» газетіне түскен шежірелік мәліметтер бойынша жасалған «Қазақ шежіресі» (Алматы 1994) негізінде Жарылқап Бейсенбайұлы Алтай батырдың арғы тегі Ақкете руының ата-тек кестесін былайша өрбітеді: Әлімнен – Тойқожа (Ақкете), оның анасы Кетебике. Тойқожадан – Тұрсынбай, Қараш, Тұрсынбайдан – Нұртаза, Нұртазадан – Мұңайтпас. Мұңайтпастан Багадден және Жамеледдин. Багаденнен Шалқошқар, Байқошқар, Аққошқар. Аққошқардан – Айдар және Әлмәмбет. Айдардан – Намазғұл, Дәулет , Болпыш, Көбек, Асан. Болпыштан – Әжібай би, Арал батыр. Әлмәмбеттен – Тұрсын, Баубек, Аманқара, Жаңатуған, Ебескі, Сапы, Есет, Қазыбек. Ебескіден – Алтай, Құттығай, Жұлдыз, Құндыз. Алтай батырдан – Есей, Қосай, Нұрлыбай, Барлыбай, Төкен тарайды.
Жазушы Жұбатқан Мұратбаев Алтай батырдың ата тегін Ақкете Ербөлек ұлы Иман, Баймағанбет, Тәжет молда, т.б. шежірелердің жазбаша және ауызша деректеріне сүйеніп былайша таратады: Қаракесектен Түмен, Әлім, Шөмен туылады. Түменнен бір бала – аты Байсары (лақабы кете) туылады. Байсарыдан – Қайырқожа (Ақкете), Түменқожа (Қара кете ), Ожырай, Тойқожа, Адамқожа, Шүрегей деген алты бала дүниеге келеді. Қайырқожадан Тұрсынбай, Тұрсынбайдан – Нұртаза, Нұртазадан – Мұңайтпас, Мұңайтпастан – Бағарден, Бағарденнен – Баулы, Жаулы, Баулыдан Байқошқар, Шалқошқар, Аққошқар туылады. Аққошқардан – Айдар, Әлмәмбет болып екі руға бөлінеді. Кетелер арасында: «Айдар атын мақтайды, Әлмәмбет құс пен итін мақтайды» деген сөз кеңінен тараған. Алтай батыр Ақкете руынын Әлмәмбет аталығынан тарайды. Заманында Әлмәмбет те батыр, би болып, елін дұшпаннан қорғаған, аты Кіші жүзге мәлім кетенің қадірлі азаматы болған.
Ел арасында осы кезге дейін кеңінен таралған:
«Пірдің – соңы Бекет
Ердің – соңы Есет,
Бидің – соңы Алтай»
деген ұлағатты сөздер жас ұрпаққа үлгі болып сақталған.
Әлмәмбеттің бәйбішесі Ақборықтан бір бала Тұрсын. Тоқалы Қолаңшаштан алты бала: Аман, Ебескі, Сапы, Әлімбет, Есет, Қазыбек. Ебескіден үш ер бала және бір қыз: Алтай, Құттығай, Жұлдыз және Құндыз деген қыз бала. Сонда Алтай батырдың әулет шежіресі былайша өрбиді :
Қаракесек
Түмен
Байсары
Қайырқожа
Баулы
Аққошқар
Әлмәмбет
Ебескі
Алтай батыр
Алтай Ебескі ұлының анасы –Жанымгүл.[1; 5]
Алтай батырдың туған жылы туралы әртүрлі деректер бар. Бұхар облысы Тамды ауданының тұрғыны шежіреші Іскендір Мат Жүсіпұлы: «1738 жылы Құмдария бойы отырған қазақ ауылдарына шабуыл жасаға қалмақтарға қарсы қол бастап аттанып, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Темір өзендерінің бойынан өалмаөтарды қуғанда Алтай батыр 35 жаста», - деп көрсетеді. Сол сияқты шежіреші Мақтым Ахуан : «1726 жылы Әбілқайыр ханның басшылығымен қалмақтарға қарсы қазақ халқының ұлт – азатттық күресі басталғанда Алтай батыр 23 жаста еді», - деп көрсетеді. Жазушы Жұбатқан Мұратбаев көнекөз шежіреші қариялардың деректеріне сүйеніп Алтай батырды 1703 –жылы 7-маусымда дүниеге келген деп нақты тұжырым жасайды. Қолында жиналған бірнеше нұсқадағы шежірелердің деректерін салыстыра келе, осы болжамды Алтай батырдың тікелей ұрпағы Сағынай қажы Бақытжанұлы Құсайынов та қуаттайды. Маңғыстаулық шежіре жинаушы Қаржаубай Рейімбаев және Ақтөбелік Абыл Мамаұлы Келімбердиев пен Зейнолла Бақтыбаев Ақкете Алтай батыр шамамен 1700-жылы туған деген болжам айтады.
Біз сараптаған негізгі деректер Алтай батырдың 1703-жылы дүниеге келгенін растайды.
Алтай батырдың балалық шағы мен ат жалын тартып мініп, қолына найза ұстаған кезі қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама», деген атпен тарих еншісіне енген кезеңге тұстас келді. Бұл кезең туралы Шоқан Уалиханов: « –ғасырдың алғашқы он жылдағы қазақ халқының өміріндегі бір алапат кезең еді. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық қазақтары мен башқұрттар қазақ руларына жан – жақтан бас салып, қырып – жойып, малын айдап алып, жанын байлап әкетіп, талай әулетті тұтасымен тұтқынға алып кетіп жүрді. Қытымыр қыс, кесапат жұтпен ашаршылық тәңірден түскен қыспақтай-ақ сансыратып, қайыршыландырып жіберді. Әсіресе 1723- жыл сұмдық сипатымен қазақтардың есінде өщпестей боп қалды. Қары қалың әрі көктайғақ болған сол бір сұрапыл қыста жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен қисапсыз қалың қолмен қазақ қырына басып кіріп, қазақтар мен қырғыздарды бұрынғы шалдуарлығы мен шапқыншылығы үшін жаппай жазалауға кірісті. Қайда барса да қанқұйлы жоңғарлар соңынан қалмаған қазақтар үріккен киік үйіріндей дүркіреп, жол –жөнекей дүние мүлкін, бала шағасын, кемпір шалын, арықтұрық малын, үй мүлкәманын шашып, түстікке барып қойып кетті. Орта жүз – Самарқаның түбіне, Кіші жүз Хиуа мен Бұқараға барып паналайды. Ал қырғыздар Болордың адам аяғы баспаған құз жарына жасырынып, Гиссар алқабына дейін жетеді. Орта Азияның құм белдерінен шүйгін жайылым таба алмай, жаңа көршілерімен жауыққан қазақтар құдіреті Ресейдің шекарасына көз салып, олардан қолдау мен қолқабыс іздейді.» деп жазған болатын.[2;]
Бодандық қамыты.
Алтай батыр Ебескі ұлы дүниеге келген тұста ұлан байтақ Кіші жүз жерлер оңтүстікте Сырдария мен Үстірт қыраттарынан, Каспийдің шығыс жағалауларынан басталып, солтүстікте Жайық, Ырғыз, Ембі, Тобыл және ьолып жатқан шағын өзендер мен дала көлдерінің алқаптарын қамтыды.
Кіші жүзді ірі үш тайпа – Байұлы, Әлімұлы және Жетіру құрады. Бұл жүз мекендеген ортаның бір бөлігінің екінші бөлігінен айқын айырмашылығы бар: Жайық, Тобыл өзендерінің бойларындағы алқаптар шұрайлы жайылымдықтарға бай болса, Үстірт қыраттары суға тапшы, Сырдария алқабының суы мол болса, Қарақұм, Қызылқұм тұтасқан шөл дала. Сол кезеңдегі Кіші жүз жерлері қазіргі әкімшілік бөлініс бойныша Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігін қамтыды
Тарихтан белгілі болғандай Үш жүзге бөлінген қазақтардың біртұтас мемлекеттік құрылымы болмағандығын айта кетуіміз керек, әр жүздің өз ханы болды, сұлтандар бастаған ұлыстар соларға тікелей бағынды.
Алтай батыр есін жиып, етегін жапқан шақта Кіші жүзде үлкен саяси өзгерістер болып, Әбілқайыр хан тағына отырып, Кіші жүзді жеке билеуге қол жеткізген еді. Осыдан екі мүшелдей уақыт өткен кезде, Алтай батыр орда бұзар отыз жасқа келген кезде, қазақ жерінде болып өткен, қым-қуыт өзгерістер нәтижесінде Әбілқайыр хан жан-жақтан анталған жаудан Кіші жүзге қорған болар деп, әрі өзінің хандық билігін күшейте түсуге, кеңейте түсуге көмек болар деп көршілес Ресейге қолын созып, дос болуға, бодан болуға ниет етіп, өтініш жасады:[3;]
Әбілқайыр ханның Ресей патшайымы Анна Иоанновнаға жазған өтініш хаты
«Петербургке, ұлы мәртебеліге!
Ұлы, қайырымды, дәулетті және ұланғайыр аймақтың ақылды иегеріне, ұлы мәртебелі императрициға күн сайын, ай сайын және жыл сайын құдайдың қуатыментмемлекет басқара беруін тілейміз.Сіздің ұлы мәртебеңізге біздің өтінішіміздің мәнісі Жайықтың сырт жағындағы сіздің бодан жұртыңыз – башқұрт халқымен біздің қарым-қатынасымыз болмаған еді. Сіздің ұлы мәртебеңізге толық бағынышты болмақ құлқымызды білдіре келе, сіздің боданыңыз Алдарбаймен бірге өз өкілімді жіберіп отырмын. Осы Алдарбай сіздің ұлы мәртебеңізге біздің өз өкілімізді жіберуімізді талап етті. Сондықтан біз, Әбілқайыр хан, өзіме бағынышты Орта және Кіші жүздің қазақ халқымен бірге бәріміз сізге бас иеміз, сіздің қызметшіңізбіз және сіздің қанатыңыздың астына алып, қол ұшын беруіңізді күтеміз. Жайықтың арғы бетіндегі сіздің боданыңыз башқұрт халқымен бейбіт өмір сүреміз.
Сізге және сіздің бодандарыңызға барлық сәттіліктер тілейміз! Хатты берген бас елші Сейітқұл Құтлымбет жолдастарымен».
Біздің осы тарихи құжаттармен оқушы қауымды толық таныстырғандағы негізгі мақсатымыз, орыс патшасының Әюілқайыр хан жазған хатты өз мүддесіне қарай өзгертіп, өзінің отаршылдық пиғылына бейімдеп, пайдаланғандығына оқырманның көзін жеткізу болып табылады.
Жаңа аймақты саяси-экономикалық жағынан игерудің түрлі амал-айларын ойлап тауып, оның жүзеге асуына қолайлы сәтті көптен күткен Ресей мемлекетіне Әбілқайырдың өз еркімен елшілік жіберіп, бодандыққа алу туралы өтініші, «ұлы көршінің» ойлаған ойына дөп келді. Сөйтіп Ресейдің патшайымы істің ізін суытпай жеделдетіп Әбілқайыр ханға мынадай мазмұндағы пәрменді хатын жолдаған болатын:
Қазақ ханы Әбілқайырға жолдаған
Анна падишаның хаты
1731 жылы ақпан айы
Мәртебелі падишаның жарлығы боынша Сыртқы істер кеңесі: осында елшілікке келген адамдардан тәрдімәшы Тевкелевтен қазақ ханы Әбілқайырға және оның барлық жауынгерлеріне мәребелі падиша ағзамның атынан арнайы Хат дайындалып, оларға жібергелі отырған тәржімәшы Тевкелевке нұсқау беріп, мағнасы төмендегіні қамтитын ерекше хатты жолдау туралы шешім қабылдады.
Құдайдың ықыласы ауған жаһаннамның ұлы жаһанның ұлы билеушісі Анна Иаоновна падиша және Бүкілроссиялық әміршісі қазақ ордасының ханы Әбілқайырғы, ақсақалдарға және барлық қазақ әскеріне біз падишалық ұлы қайырымдылығымызды білдіреміз.
Сенің Құтлұмбет Қоштаев пен Сейітқұл Құйдағұлов деген елшілеріңнен жолдаған хатың мен барлық мал-мүлкіңмен біздің қарауымызға өту туралы тілегіңді білдірген ауызша сәлемің және Россияға бодан болған башқұрттармен тату болуға берген уәдең, Әбілқайыр хан жіберген елшілер төмендегі щарттар бойынша, сенің Әбілқайыр хан, бүкіл қазақ әскерімен өоса біздің бодандығымызға көшетініңді айтты:
Мәртебелі падишаға сенімді қызмет етіп, башқұрттар сияқты адал боп, салық төлеп тұруға уәдеңді бересің.
Ол үшін Россия бодандары жағынан ешқандай реніш көрмейсіңдер, шапқынға ұшырамайсыңдар.
Егерде сендерге, қазақтарға сырттан жау шаба қалса – сендерді одан біздің ұлы мәртебелі император қорғайды, және сендерді Ресей боданы деп есептейді.
Ремей патшасының Башқұрттар мен басқа да Россия бодандары тұтқынға алған адамдарды өздеріңе қайырып береміз, бірақ сендер, башқұрттармен, қалмақтармен тату болып, россиялық тұтқындарды бізге қайтарып бересіңдер. Оның есебіне, біз ұлы падиша, мәртебелі ағзам сені – қазақ ханы Әбілқайырды ақсақалдар мен барлық қазақ жағасын өздеріңнің өтініштеріңе байланысты жоғарыдағы шарттарға сәйкес бодандығымызға аламыз. Сондықтан да, сен – хан және бүкіл қазақ жасағы үнемі мәртебелі ағзам өзінің өзге де бодан-жұрттарына жасақ жинау туралы бұйрық берсе, сендерде де қалмақтармен, башқұрттармен бірге айтылған жерге табан астында жиналуларың керек. Башқұрттарға, қалмақтарға, қазақтарға шапқынщылық жасамайсыңдар және олармен тату тұрасыңдар. Сол сияқты Астрахан арқылы барған сендердің жерлеріңнен өтетін Россия көпестеріне, олардың керуендеріне тиіспейсіңдер, оларды аман-есен өткізіп жібересіңдер. Оларға бөгет те жасамаңдар, ренжітпеңдер де. Олар кездескен барлық тосқауылды жоюға, қауіп-қатерден сақтауға, күзет беруге міндеттісіңдер.
Әбілқайыр, сенің елшілерің бізде болды, олар Москвада болған кезде азық-түлікпен, жем-шөппен қамтамасыз етілді және біздің сый-сияпатымызды көріп, өзіңе қайтарылып отыр, Әбілқайыр хан. Жол күзеті мен азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Біздің мәртебелі падишаның қайырымдылығын ақтап, адал бол Әбілқайыр хан.
Жан-жақтан қыспаққа алынған Кіші жүздің халқынның жағдайын халықтың жадында сақталған:
Былай барсаң Қоқан бар,
Қоқаңдаған әкең бар.
Былай барсаң қалмақ бар,
Күшіңді ептеп алмақ бар...-
деген өлең жолдары дәл суреттелген. Шарасыз қалған Кіші жүз қолдау, көмек іздеуге мәжбүр болды. Сөйтіп амалсыздықтан орыс патшасының боданы болуға көніп, дұрысында, қармаққа түсіп қалды. Елдің осы щарасыз хәлін Кіші жүздің ақыны Қайырлы былайша жырлаған еді:
Айқайдан қашқан ақ бөкен,
Қашып қайда құтылар.
Құрулы қақпан жатқан соң?
Жылқыдан шыққан қашаған,
Қашып қайда құтылар,
Мойнына бұғау батқан соң?
Кіші жүздің Ресейге бодан болуына байланысты тарихшылар арасында талас пікірлер әлі де айтылып жүр. Осы орайда көрнекті ғалым Ақселеу Сейдімбектің мына пікірін келтіре кетуді жөн санаймыз:«Әрине, болар іс болды. Өткен іске өкініп, бәлкім, олай болмай, былай болғанда қайтер еді, сонда отаршылықтың тұқымымызды құртуға айналған қыл тұзағынан аман қалар едік» де құмалақ ашудың қисыны жоқ. Өйткені, орысқа бодан болмаған кұнде не күй кешетінімізді ешбір әулие айтып бере алмас еді. Ал, орысқа бодан болудың нәтижесін көзіміз көріп, басымыздан кешіп отырмыз.
Ресейге бодандықты мойындап, Кіші жүзге хан болатын Әбілқайырды 1748 жылы Қабырға өзенінің бойында Барақ сұлтан өлтірген соң, Әбілқайыр кіндігінен өрбіген Нұралы, Ералы, Есім, Айшуақ сияқты ұрпақтары бірінен соң бірі таққа отырып келіп, ақыры