
- 15 мам. 2025 18:01
- 123
Бердалы Ораз Ғабитұлы
Биыл президент Тоқаев туған күнін тағы да атап өтпейді
17 мамыр – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Биыл Мемлекет басшысы 72 жасқа толады. Алайда бұл датаға байланысты ешқандай салтанатты шаралар өтпейді. Ақорданың баспасөз қызметі Президенттің туған күнін ресми түрде атап өтпейтінін хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты салтанатты іс-шаралар жоспарланбаған. Президент туған күнін атап өтпейді», – делінген ресми мәлімдемеде.