Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Көксу өзенінен ағыс алып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Көксу өзенінен ағыс алып кеткен ер адамның мәйіті табылды,деп жазады Infohub.kz.

Жетісу облысында Көксу өзеніне құлап, із-түзсіз кеткен ер адамның мәйіті оқиға орнынан 15 шақырым төменнен табылды. Бұл туралы өңірлік ТЖД хабарлады. Марқұмның денесі сараптама тағайындалу үшін полицияға тапсырылды.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 10 мамыр күні Кербұлақ ауданында болған. Желіде тараған видеодан ер адамның өзеннен трос арқылы сақтандырусыз өтпек болғаны көрінеді. Алайда орта тұсқа жеткенде әл-дәрмені таусылған ол тростан аяғын босатып, суға түсіп кеткен еді. Бірнеше күнге созылған іздестіру жұмыстары нәтижесінде ғана мәйіт табылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама