Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
БҚО қарапайым жұмысшы құс ұясын бұза алмағаны үшін жұмысынан шығып кетті

Батыс Қазақстан облысында қарапайым жұмысшының табиғатқа жанашырлықпен жасаған қадамы көпшіліктің ықыласына бөленді. Газ құбырын төсеу барысында траншеяны көміп жүрген жұмысшы сол аумақта қарлығаш ұя салып, балапан басып отырғанын байқап, жұмысты тоқтатқан.

Асқар Иманғали есімді азамат құс ұясын бұзуға дәті бармай, экскаваторды тоқтатып, құрылыс жұмыстарын жалғастырудан бас тартқан. Табиғатқа жанашырлық танытқан ол ақыры жұмысынан өз еркімен кетіп қалған.

— Қолым бармады. Ұясында жатқан тіршілік иесін аман қалдыруды жөн санадым, — дейді Асқар.

Оның бұл әрекеті әлеуметтік желілерде қызу қолдауға ие болып, жұртшылық адам мен табиғат арасындағы үйлесімді сақтаудың жарқын үлгісі ретінде бағалап жатыр.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама