
- 03 шіл. 2025 12:10
- 23
Қазақстан халқы 20 миллионнан асты – демографиялық өсім жалғасуда
Қазақстан халқы 20 миллионнан асты – демографиялық өсім жалғасуда,-деп хабарлайды Инфохаб тілшісі.
2025 жылғы 1 маусымдағы ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан халқының саны 20 370 672 адамға жетті. Бұл – ел тарихындағы жаңа демографиялық меженің алынғанын білдіреді.
Жарты жылдағы өсім – 87,2 мың адам:
80 мың – табиғи өсім (туу мен өлім айырмасы)
7,2 мың – көші-қон арқылы (елге келгендер мен кеткендер балансы)
1 миллионнан астам халқы бар өңірлер:
- Алматы қаласы – 2 314 929
- Түркістан облысы – 2 150 992
- Алматы облысы – 1 575 657
- Астана қаласы – 1 566 566
- Шымкент қаласы – 1 274 296
- Жамбыл облысы – 1 220 481
- Қарағанды облысы – 1 133 068
Сарапшылардың пікірінше, халық санының тұрақты өсуі – елдің еңбек ресурстары мен ішкі тұтыну нарығы үшін оң көрсеткіш. Ал миллионнан астам халқы бар өңірлер – елдің демографиялық тірегі саналады.