
- 04 шіл. 2025 20:55
- 34
Бүйрегін 15 миллион теңгеге сатпақ болған қарағандылық рақымшылықпен босатылды
Бүйрегін 15 миллион теңгеге сатпақ болған қарағандылық рақымшылықпен босатылды
Қарағанды тұрғынының адам ағзасын заңсыз сатпақ болған әрекеті рақымшылықпен аяқталды. Бұл туралы сот үкіміне сүйенген Stankz News Telegram арнасы хабарлады.
Сот деректеріне сүйенсек, қылмыс 2025 жылғы сәуір айында болған. Қарағанды қаласының 30 жастағы тұрғыны өзінің қарыздарын өтеу үшін интернет арқылы бүйрегін сатуға шешім қабылдаған. Желіде хабарландыру жариялаған соң, бірнеше ұсыныс алады. Сөйтіп, 28 сәуір күні Ақтөбеге барып, сатып алушы тараптың ұйымдастыруымен медициналық тексеруден өтеді.
25-30 сәуір аралығында жалға алынған пәтерде тұрып, ағзасын сату процесін соңына дейін жеткізуге ниет білдіреді. 30 сәуір күні оған 7,5 миллион теңге алдын ала төлем ретінде беріледі. Алайда заңсыз әрекеті іске аспай, ер адам құқық қорғау органдарының қолына түседі.
Сот үкімімен ол 2025 жылдың мамыр айында бір жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында сотталған азамат қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Айта кету керек, Қазақстанда адам ағзасын сату заңмен тыйым салынған және ауыр қылмыс түріне жатады. Қылмыстық кодексте бұл әрекетке қатысты қатаң жаза көзделген. Соған қарамастан, әлеуметтік жағдай мен қаржылық қиындықтар азаматтарды осындай тәуекелді қадамға итермелеп отыр.
-
Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалардың ірі көлемде пара алу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын растады. Қылмыстық іске «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «Б...