Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 7 сағат бұрын)
Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік таратылып, ҰҚК-ға қосылады

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жарлығымен Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылып, оның орнына жаңа құрылым пайда болды. Енді бұл саладағы жұмыстарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) атқарады.

Атап айтқанда, бұрынғы агенттік ҰҚК құрамына кіріп, оның аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылды. Бұл құрылым құқық қорғау бағытын сақтап қалады және нақты тергеу жұмыстарымен айналысады.

Ал енді саясат қалыптастыру, жемқорлықтың алдын алу, себептерін азайту, қоғамда адалдық құндылықтарын насихаттау секілді міндеттер Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүктеледі.

Тоқаевтың жарлығында нақты мерзімдер де көрсетілген:

ҰҚК бір ай ішінде жаңа қызметтің ережесін әзірлеп, оны Президентке ұсынуы керек;

Мемлекеттік қызмет агенттігі де бір ай ішінде өз ережесіне өзгерістер енгізу жобасын дайындайды;

Екі мекеме екі айдың ішінде өзге де ұйымдастыру шараларын толық аяқтауы тиіс;

Үкіметке 1 қыркүйекке дейін жаңа заң жобасын жасап, Парламентке енгізу тапсырылды.


Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Бұл өзгеріс Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес тәсілдерінің түбегейлі өзгеріп жатқанын білдіреді. Бұрынғыдай жеке агенттік болмайды, енді жемқорларды қудалау ҰҚК-ның міндеті болады. Ал алдын алу мен мәдениетті қалыптастыру жұмыстары басқа ведомствоға жүктелді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама