
- 01 шіл. 2025 19:30
- 27
Бұрынғы вице-министр Ақмәди Сарбасов қамауға алынды
Бұрынғы вице-министр Ақмәди Сарбасов қамауға алынды,деп жазады Инфохаб тілшісі.
Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды. Қазіргі уақытта ол Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті қызметін атқарады. Бұл мекеме тікелей Еңбек министрлігіне қарайды.
Министрлік Сарбасовтың ұсталғанын ресми түрде растады. Ол қамауға алынған, бірақ тергеу барысы мен нақты айыптары туралы әзірге ешқандай қосымша мәлімет берілген жоқ.
Ақмәди Сарбасов – еңбек саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған шенеунік. Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс елдің назарын аударып отыр.