Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін



Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру туралы заңда дропперлік – «банк шотына, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралдарына рұқсатты заңсыз беру, аудару және алу, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру» (ҚК 232-1-бап)  үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

Қолданыстағы заңнамада дропперлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға құқықтық негіз жоқ. Бүгінде олар куәгер ретінде келеді, ниеті дәлелденсе ғана алаяққа сыбайлас ретінде қаралады.

Ұсынылған түзетулерде дропперлерді қылмыстық жауапкершілікке тартудың нақты уақыты белгіленеді. Осылайша, банк шотына заңсыз рұқсат бергені үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал банк шоты арқылы үшінші тұлғаның пайдасына заңсыз төлем жасағаны және ақша аударғаны үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. «Дропперлер» деп саналатындар банк есепшотын басқаруға рұқсатты заңсыз алғаны үшін жауапқа тартылады және жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Бұл ретте жаңа бапта мынадай ескерту бар: осы бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған, ол туралы өз еркімен мәлімдеген, сондай-ақ осы құқық бұзушылықтың ашылуына немесе жолын кесуге белсене қатысқан адам, егер оның әрекеттерінде басқа қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама