
- 09 мау. 2025 15:59
- 62
«Дүкеннен келе жатқан» Төрткүлде 16 жастағы қызды өзге елдің азаматы зорлап, өлтіріп кетті
Түркістан облысы тағы да ауыр қылмыспен ел назарына ілікті, 6 маусым күні Төрткүл ауылынан жас қыздың өлі денесі табылды. Ресми деректерге қарағанда, 16 жастағы жасөспірім кешкісін дүкеннен қайтып келе жатқанда белгісіз ер адам оны жолай ұстап әкетіп, зорлап, кейін жан түршігерлік жағдайда өлтіріп кеткен.
Қоғамда бұл оқиға ашу-ыза туғызып отыр. Белгілі құқық қорғаушы, «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі күдіктінің еңбек мигранттарының бірі болуы мүмкін екенін алға тартты. Ал Ішкі істер министрлігі күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын растады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.