
- 10 мау. 2025 15:09
- 28
Экс-министр Жақсылықов қамауға алынды – БАҚ
Генерал-полковник, бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. "Выход к правде" Telegram-арнасының мәліметінше, 10 маусым күні ол ұсталып, Астана қаласындағы уақытша ұстау изоляторына жеткізілген.
"Шұғыл ақпарат! Биылғы жылдың 10 маусымында ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Жақсылықов Р.Ф. ұсталып, Астананың уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді", – делінген арна хабарламасында.
Жақсылықов бұл қызметінен кеше ғана босатылған еді. Ол Қорғаныс министрлігін 2022 жылдан бері басқарды. Оның орнына ведомствоға жаңа басшы болып Дәурен Қосанов тағайындалды.