
Фото: Freepik.com
- 23 там. 2025 19:52
- 122
Елімізде әскерге шақыру ережелеріне өзгерістер енгізілмек
Елімізде әскерге шақыру ережелеріне өзгерістер енгізілмек
Елімізде әскерге шақыру ережелеріне өзгерістер енгізілмек, деп хабарлайды Infohub.kz.
Қорғаныс министрлігі жаңа қағидаларды бекітті. Оған сәйкес, енді әскерге шақырылушының нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі. Бұл дәстүрлі әскери комиссариаттан жіберілген қағазбен теңестірілмек. Сондай-ақ қазақстандықтар әскерге шақыруды eGov порталы арқылы кейінге қалдыра алады.
Жаңа ережелер әлі күшіне енген жоқ. Қаулы жобасын қазақстандықтар 2025 жылдың 9 қыркүйегіне дейін талқылай алады.
Қаулы жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды.