
- 09 мау. 2025 17:01
- 144
Елімізде темекі қымбаттай ма? Министрлік бағаны көтеруге кірісті
Қазақстанда темекі шегу қолжетімсіз бола түсуі мүмкін. Қаржы министрлігі темекі өнімдерінің ең төмен бөлшек бағасын өсіру туралы бұйрық жобасын әзірледі. Құжатқа сәйкес, жаңа бағалар фильтрлі және фильтрсіз сигареттерге, папиростар мен сигариллаларға, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдеріне қатысты болмақ.
Министрлік бұл түзетулер темекі өнімдерін тұтынуды азайтуға бағытталғанын айтады. Бұйрық «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 19 маусымға дейін қоғамдық талқылау жүріп жатыр.
Мамандардың пікірінше, бөлшек бағалардың өсуі халықтың денсаулығына оң әсер етіп, шылым шегудің таралуын тежейді.