Tengrinews.kz / Алихан Сариев
- 25 ақп. 2026 23:00
- 32
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәліктерін eGov арқылы ауыстыруға болады
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәліктерін ауыстыру үшін арнайы ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ. Қазақстандықтар бұл қызметті eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн режимде атқара алады. Бұл өзгеріс 2026 жылдың сәуір айынан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін онлайн қызмет тек мерзімі өтпеген куәліктерді ауыстыру үшін ғана қолжетімді болған еді. Енді бұл мүмкіндік мерзімі тоқтаған жүргізуші куәліктеріне де таратылады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қызметті қалай пайдалануға болады?
eGov.kz порталы арқылы:
eGov Mobile қосымшасы арқылы:
Қызметтің нәтижесі eGov.kz порталындағы жеке кабинеттің «Хабарламалар» бөлімінде және eGov Mobile қосымшасындағы «Хабарлар» – «Жеке кабинет тарихы» бөлімінде көрсетіледі. Одан кейін дайын құжатты таңдалған ХҚКО-дан жеке куәлікті көрсету арқылы алуға болады.
Құжатты қайта рәсімдеу мүмкін болмайтын жағдайлар
Егер сізде 30 күннен асқан өтелмеген айыппұлдар болса, жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру мүмкін болмайды. Алдымен барлық айыппұлдарды өтеу қажет.
Естеріңізге сала кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» деректері бойынша, Қазақстанда жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі 10 жылды құрайды.