Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Facebook-те балағат айтқан әйел 1 млн теңге өтемақы төлейтін болды

Facebook-те балағат айтқан әйел 1 млн теңге өтемақы төлейтін болды
Атыраудағы білім бөлімінің басшысы өзін қорлаған тұрғынды сотқа беріп, жеңіп шықты

Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова Facebook желісінде және WhatsApp чаттарында жеке басына тіл тигізіп, негізсіз жала жапқан азаматшаны сотқа беріп, моральдық өтемақы өндіріп алды.

Шенеуніктің айтуынша, 37 жастағы қала тұрғыны оны бір жыл бойы әлеуметтік желіде хайуанға теңеп, балағаттаған. WhatsApp арқылы ата-аналар мен білім саласының өкілдері отырған топтарға да бірнеше рет аудио хабарлама жіберіп, қорлауын жалғастырған.

— Жеке басыма тиіскеніне, қоғам алдында масқаралауға тырысқанына төзе алмадым. Адвокат жалдап, сотқа беруіме тура келді. Ол үшін несие алуға да мәжбүр болдым, — дейді Айнагүл Дүйсекенова.

Сот шешімімен әйел 1 миллион теңге моральдық және материалдық шығын өтеуге міндеттелді. Сонымен қатар ол Facebook желісі арқылы көпшілік алдында кешірім сұрауы тиіс. Азаматша апелляцияға жүгінгенімен, шешім өзгеріссіз қалды.

Айта кетейік, бұл жанжалдың басында азаматша Айнагүл Дүйсекенованы мемлекет қаржысын жымқырды деп айыптаған. Алайда құзырлы органдар бірнеше рет тексеру жүргізіп, бұл айыптаулардың негізсіз екенін анықтаған.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама